"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ТУРАЛЫ

29.12.2025
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасы

Абай облысындағы мемлекеттік жастар саясатын

іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

ТУРАЛЫ

 

  1. Өңір жастарына қатысты жалпы статистикалық мәліметтер.

Абай облысында 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтардың саны 150 217 адам немесе облыс тұрғындарының ¼ бөлігін құрайды. 2025 жылғы 23 желтоқсандағы «Отбасының цифрлық картасы» платформасы бойынша өңірдегі NEET санатындағы жастардың саны – 2 346 адам (2,1%).

2025 жылы өңірде барлығы 3 жоғары оқу орны (2 мемлекеттік, 1 жекеменшік) жұмыс істейді. Жалпы контингент саны 20 478 студентті құрайды, олардың 5 608 -і (27,3%) мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқиды.

Аймақта сонымен қоса 996 шетелдік студент, 366 адам «Серпін» бағдарламасымен және 71 қандас білім алуда. Жалпы білім беру мекемелерінде 27 жатақхана жұмыс істейді, биыл орын тапшылығы жоқ.

2025 жылы облыста 18-27 жас аралығындағы әскери есепте тұрған шақырылушылардың саны – 18 282 адам, бұл жастар санының 2,3%-ын құрайды. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз – 417, әскери борышын өтеп жатқандар – 1008, өтеп келгендер саны – 1422.

 

  1. Жастар саясаты саласындағы институционалдық әлеует.

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы облыс әкімінің №61 қаулысы негізінде 2025 жылғы 23 сәуірде құрылды. Басқарма құрамында 11 мемлекеттік қызметкер мен 3 техперсонал бар. Басқарма басшысы – 1, әкімшілік-қаржы бағытымен айналысатын 3 бас маман, ақпараттық-талдау бөлімінде бөлім басшысы және 2 бас маман, жастар бастамаларын қолдау бөлімінде бөлім басшысы мен 3 бас маман.

Жастар саласындағы жұмыстарды ұйымдастырумен айналысатын Абай облысы аумағында барлығы 13 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді (1 облыстық, 2 қалалық және 10 аудандық). Бұл орталықтарда бүгінгі күні 109 қызметкер еңбек етеді.

Қазіргі уақытта 13 ЖРО-ның ішінен 9 орталықта басшылар ресми түрде тағайындалған (Абай облысы, Семей қаласы, Курчатов қаласы, Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті, Үржар). Ал қалған 4 орталықта (Бородулиха, Жарма, Жаңасемей, Мақаншы) басшылық қызметті міндетін уақытша атқарушылар жүзеге асыруда.

Меншік нысаны мен ғимарат мәртебесі бойынша ЖРО келесі түрде бөлінеді:

— Баланста 5 орталық (Семей қаласы, Абай ауданы, Бесқарағай, Жарма, Үржар). Бұл орталықтар өз баланстарындағы ғимараттарда тұрақты жұмыс істейді.

— 4 орталық жалға алынған (Абай жастары, Ақсуат, Бородулиха, Көкпекті).

— 2 орталық өтеусіз жалға алу құқығымен пайдалануда (Аягөз, Курчатов). Бұл орталықтарға ғимарат өтеусіз негізде уақытша берілген.

— 2 орталық әкімдік ғимаратында орналасқан (Жаңасемей, Мақаншы). Бұл орталықтар тиісті әкімдіктердің ғимараттарында жұмыс жүргізеді.

Өңірде 10-нан астам жастар ұйымы қызмет атқарады. Жастар ұйымдары ішінде «Жастар рухы», «Қазақстан студенттер альянсы», «Jas Orta», «Шығыс жастары» және «СОЦ KZ» белсенді жұмыс атқаруда.

 

  1. Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері.

Абай облысы әкімдігінің кеңейтілген аппараттық отырысында жастар саясатын іске асыруда негізгі рөл атқаратын Жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) кадрлық әлеуетін күшейту мәселесі қаралды. Атап айтқанда, орталық қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру және жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында жалақы мөлшерін қайта қарау қажеттігі көтерілді.

Нәтижесінде, ЖРО қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мәселесі әкімнің тапсырмасы ретінде хаттамаға енгізілді. Тиісті басқармаларға (жастар саясаты, экономика, қаржы) 2026 жылдың бюджетін қалыптастыру барысында бұл мәселені ескере отырып, қаржылық есептеулер жүргізу тапсырылды.

 

  1. Әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің қызметі.

Жастардың мүддесі мен ұсыныстарын ескеріп, кеңестердің жұмысын жандандыру мақсатында кеңес құрамдары қайта қаралып, жаңадан жасақталды. Құрам жаңарту барысында жастар ұйымдарының көшбасшылары, жас кәсіпкерлер, еріктілер, креативті индустрия өкілдері мен белсенді жастар тартылды.

Жаңадан бекітілген кеңес құрамының алғашқы отырысын 2025 жылғы желтоқсан айында өткізу жоспарланып отыр. Күн тәртібінде өңірдегі жастар саясатының өзекті мәселелері, жастардың қатысуымен іске асырылатын жобалар мен бастамалар, сондай-ақ 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралатын болады.

Әкімдіктер жанынан жастар істері жөніндегі 12 кеңес жұмыс істейді. Жиыны кеңестердің құрамында 177 адам, жастардың үлесі – 79,8% (87 адам). Қала және аудан деңгейіндегі кеңес құрамы толықтай жаңартылды.

 

  1. Әлеуметтік мәселелер:

Жастардың экономикалық белсенді бөлігі 114 712 адам, оның ішінде              111 992-сі (97,6%) жұмыспен қамтылған.

Экономика салалары бөлінісінде жұмыспен қамтылғандардың ішінде ең көп саны – 28 467 адам (25,4 %) көтерме және бөлшек сауда саласында, 15 740 адам (14,0%) мемлекеттік басқару мен қорғаныс саласында, 11 758 адам (10,4%) қызмет көрсету саласында, 10 335 адам (9,2%) денсаулық сақтау саласында.

Жұмыссыз жастардың саны 2 720 адамды құрайды, ал жастар жұмыссыздығының деңгейі – 2,4 %.

2025 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 9 614 жас жұмысқа орналастырылды:

1) Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар шеңберінде – 1 075 жас;

2) бос жұмыс орындарына – 2 838 жас;

3) Мемлекет Басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында – 3 712 жас;

4) Субсидияланатын жұмыс орындарына – 1 989 жас (жастар практикасына – 741 адам (жылдық жоспардың 103,6% (715), қоғамдық жұмыстарға – 905 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 66 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде – 265 адам (жылдық жоспардың 91,1% (291), «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде – 12 адам) жіберілді.

Анықтама: «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларын қысқартуына байланысты министрлікпен жастарды жұмысқа орналастырмау туралы тапсырма берілген, алайда жұмысшы мамандықтар жылын ескере отырып, аталған жобалардың іске асырылуын тоқтатуды 2026 жылдың 1 қаңтарына ауыстырды.

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2025 жылы республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 99 бюджеттік кредит беруге 888,6 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде:

2025 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша 96 несие                                           827,2 млн. теңгеге берілген (50 — білім беру мамандарына,16 — денсаулық сақтау саласына, 10 – спорт саласына, 10 — агроөнеркәсіптік кешен саласына, 5 – мемлекеттік қызметшілерге, 3 — мәдениет саласына, 2 – әлеуметтік қамтамасыз ету саласына).

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 315 көтерме жәрдемақы төлеуге 123,9 млн. теңге қарастырылған (100 айлық есептік көрсеткіш – 1 адамға 393,2 мың теңге).

2025 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша 315 жәрдемақы  123,9 млн. теңгеге төленген (186 — білім беру мамандарына, 43 — денсаулық сақтау саласына, 34 — агроөнеркәсіптік кешен саласына, 20 — спорт саласына, 19 — мемлекеттік қызметшілерге, 8 — мәдениет саласына, 5 – әлеуметтік қамтамасыз ету саласына).

2026 жылға 94 бюджеттік кредит беруге 936,4 млн.теңге қарастырылды, оның ішінде:

— аудан орталықтары бойынша – 616,3 млн. теңгеге 57 маман (2500 айлық есептік көрсеткіш – 10 812,5 мың теңге 1 адамға);

— ауылдық елді мекендер бойынша – 37 маманға 320,1 млн. теңге (2000 айлық есептік көрсеткіш – 1 адамға 8 650 мың теңге).

Business.enbek порталы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша               315 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, олардың 189-ы сертификат алды.

Әлеуметтік осал топтағы 61 жасқа 400 АЕК көлемінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттар берілді.

Анықтама: грант алушылардың басым бөлігі мал шаруашылығына, шаштараз, тігін ісі, қоғамдық тамақтану орындары, кондитерлік өнімдер мен полиграфиялық қызметтерді іске асыруға бағытталған.

2025 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 86 жас жолданды (оның ішінде білім беру ұйымдарында – 83, жұмыс берушілердегі жұмыс орнында – 3). Оқуды 30 жас аяқтап, 27-і тұрақты жұмыс орнына орналасты. Қалған 56 адам оқуды жалғастыруда.

Білім мен дағдыларды өзектендіру мақсатында Skills.enbek.kz порталында 253 бағыт бойынша тегін онлайн-курстар қолжетімді. Жыл басынан 665 жас аталған портал арқылы тегін курстарға тіркеліп, олардың  589—ы курстарды аяқтады.

  • NEET санатындағы жастардың үлесі және олармен жүргізілген атаулы жұмыстың әдістері (жүзеге асқан жобалар, нәтижелер)

Жыл басынан бері Жастар ресурстық орталықтары және Мансап орталықтарының ұйымдастыруымен 149 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 1 540 жас пен 580 жұмыс беруші қатысты.

NEET санатындағы жастарды нақты қолдау мақсатында келесі бағыттарда атаулы жұмыстар атқарылуда:

— Тұрғылықты мекенжайы бойынша аралау арқылы байланыс орнату;

— Арнайы ақпараттық түсіндіру және кәсіби бағдар беру жұмыстары;

— Мемлекеттік бағдарламалар мен гранттарға қатысуға бағыттау;

— Психологиялық қолдау және мотивациялық кездесулер өткізу;

— Қайта даярлау және қысқа мерзімді оқыту курстарына тарту.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде бірқатар NEET санатындағы жастар қайта оқуға, жұмысқа орналасуға немесе кәсіппен айналысуға мүмкіндік алды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады және жастардың әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталады.

  • жастар еңбек жасақтары аясында маусымдық жұмыспен қамту (қаржыландыру көлемі, тетіктері, қамтылған жастардың құрамы)

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 2025 жылы 1000 жас жұмыспен қамтылды (2023 жылы 700 жас, 2024 жылы 1004 жас жұмысқа орналасты). Еңбекақы айына  жұмыс берушілер есебінен 85 000 теңге, қосымша жоба аясында 35 394 теңгені құрады.

Маусымдық жұмысқа тартылған жастардың ішінде студенттерден бөлек 216 мектеп оқушылары, NEET санатындағы 11 жас, көпбалалы отбасынан шыққан 55 жас, аз қамтылған отбасынан 23, толық емес отбасынан 47 жас қабылданды.

2026 жылы «Жасыл ел» бағдарламасының квотасын 1000 адамнан 1500 адамға көбейту мүмкіндігін қарастыру туралы әкімдік аппаратының кеңейтілген отырысында талқыланып, облыс әкімінің хаттамасымен тиісті басқармаларға, қала және аудан әкімдіктеріне тапсырмалар жүктелді.

  • жас мамандарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарламалар
    (қаржыландыру көлемі, берілген қарыздар, қамтылған жастар)

2025 жылы Абай облысы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған жастардың саны 15 549 адамды құрады. Оның ішінде «Әскери баспана», «Наурыз / Отау», «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның 2023-2029 жылдарға тұжырымдамасы» шеңберінде 413 жас баспанамен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы Семей қаласы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп «Абай жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша, қаланың белсенді жастарын қолдау мақсатында 40 пәтер бөлу жұмыстары қолға алынды.

Бұл бастама, жас отбасылар мен еңбек етіп жүрген жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.

 

  1. Идеологиялық бағыттар:

ЕСІРТКІ, ЛУДОМАНИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Жастар арасында есірткі мен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бағытында 393 іс-шара ұйымдастырылып, 62 210 жас қамтылды.

Тәуелділіктің алдын-алу бойынша басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы 17 іс-шара өткізілді. Олардың ішінде 10 ақпараттық кездесу,               8 дөңгелек үстел, 3 рейд, 78 нарко-бот жазбасы боялды.

Абай облысы әкімдігі мен облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп ұйымдастырған «Абай облысы – лудоманиясыз аймақ» атты облыстық байқау және форум өтті, форумға 200-ден астам жас қатысты. 10 номинация бойынша байқауда 26 адам марапатталды, жалпы жүлде қоры – 14 млн. теңгені құрады.

Абай атындағы драма театрында қаламыздағы жоғары оқу орындарының 1000 студентін қамтыған «Белгісіз бағыт» қойылымы көрсетілді.

Басқарма тапсырысы бойынша салалық мекемелер мамандарына «Жастармен жұмыс істеудегі сын-қатерлер мен тәуелділіктің алдын алу жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар суицид, нашақорлық және лудомания тақырыбын қамтыды. Оған 100 адам, олардың ішінде: 45 адам – білім беру; 20 адам – денсаулық сақтау; 15 адам – полиция департаментінің өкілдері, 20 адам прокуратура өкілдері қатысты. Семинарды Астана қаласының психиатр-нарколог дәрігері, Астана медициналық университетінің профессоры Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы жүргізді.

Полиция департаментімен бірге жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша ЖОО студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Облыстық прокуратурамен бірге шет елдік 500 студентпен бірге ҚР заңнамасы, «Заң және тәртіп» қағидаты туралы ағылшын тілінде кездесу өтті.

 

 

ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ТӘРБИЕ

«Жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» бағыты бойынша «Patriot IQ Battle» интеллектуалдық ойыны, «Жеңіс Шырағы – 80 жылдық құрмет» акциясы, «Киберспорт» турнирі, «ASK CAMP» республикалық жастар форумы, «ЮНИСЕФ» Қазақстандағы өкілдерімен кездесу, Жеңістің 80 жылдығына «Ардагер өсиеті» марафоны, Сенат хатшылығы және «Талдау мектебі» түлектерімен Семей қаласы, Абай ауданында жастарға арналған семинар, Мемлекет басшысының Жолдауын жастарға түсіндіру жұмыстары, терроризмге қарсы «DANCE BATTLE» би байқауы өтті. Сонымен қатар, «Еңбекші жастар» фестивалі, Республика күніне «Quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Патриоттық «SarbazTALK» челленджі аясында жас әскери қызметшілердің қатысуымен бейнежазбалар түсірілуде. Жас сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеу мен әскердегі күнделікті өмірі туралы әңгімелейді. Бүгінде 10 бейнеролик түсіріліп, 535 600 адамдық аудиторияны қамтыды.

Шәкәрім университетінде оқитын 56 қандас студенттермен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Көші-қон заңнамасы, жастарға қатысты жобалар туралы ақпарат берілді.

ҚР Праламенті Сенатының депутаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі Дархан Қуандықұлы Қыдырәлімен қаламыздағы жастар ұйымы жетекшілерімен арнайы кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттік жастар саясаты талқыланып, жастардың қойған сұрақтарына жауап берілді.

 

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ:

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында Семей қаласында «Абай QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өтті. Жарыс Абай облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Семей қаласы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылды. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 7 өңірі мен Абай облысының қала-аудандарынан жиналған 180 команда, жалпы саны 1080 қатысушы қатысып, білім сайсында бақ сынады. Бұл көрсеткіш Қазақстан рекордтар кітабына ұсынылды. Ойын қорытындысы бойынша: 1 орын – Астана қаласы, «Brain storm командасы (1 млн. теңге); 2 орын – Алматы қаласы, «Алматымикс» командасы (800 мың теңге); 3 орын – Семей қаласы, «Тұрақты тіркестер» командасы (600 мың теңге). Жалпы жүлде қоры 4 млн. 700 мың теңгені құрады.

Басқарманың бастамасымен барлық облыстарда бір күнде «Абай мұрасы – халық даналығы» атты әдеби кеші өтті. Әдеби шарада қала тұрғындары мен қонақтары және жастар Абай өлеңдерін, әндерін орындап, барлық қатысушыларға «Абайдың қара сөздері» кітаптары табысталды. Шараның ерекшелігі кәсіби емес, облысымыздың түрлі саланың әуесқой мамандары (медицина, полиция, мемлекеттік қызмет) және көрермендердің ішінен ардагерлер де өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар, хәкімнің шығармасынан үзінді оқу бастамасы жария етіліп, ерекше челлендж жарияланды. Бұл бастаманы еліміздің барлық Жастар саясаты басқармаларына, республикалық жастар ұйымдарына, студенттік өзін-өзі басқару кеңестеріне, өңірлік жастар ресурстық орталықтарына, сондай-ақ шетелдегі қазақ жастары мен қандастарға, Президенттік жастар кадр резерв мүшелеріне және барлық деңгейдегі Жас ғалымдар клуб мүшелеріне жолданды.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының 10 күндігі аясында Абай облысында алғаш рет 500 ге жуық волонтер тартылды. Семей қаласы мен Абай ауданы, Қарауыл ауылында өткен мәдени-рухани шараларда волонтерлер гид, ақпараттық бағыттаушы, медициналық көмекші және тәртіпті бақылаушы қызметтерін атқарды. Семей қаласында шетелдік делегацияларға аударма және экскурсиялық бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Волонтерлер 1-10 тамыз арасында өткен көлемді 40-қа жуық барлық мәдени-спорт, көпшілік шараларда навигация, ақпарат берумен айналысты. Еріктілердің тізімі жасалып, 29 мамыр, 27 маусым күні оқыту-семинары өткізілді. Оның қатарында 400 ЖОО (Shakarim University, Alikhan Bokeikhan University, Семей медицина университеті) мен колледж студенті, оқытушылары бар, 100 адам – ЖРО мамандары, сондай-ақ Қазақстан Жастар конгресі ұйымы өкілдері болды. Еріктілерді тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру облыстық Білім басқармасы есебінен жүзеге асырылды. Тамақтану мектеп асханаларында жүзеге асты. Мектеп асханаларында бір уақытта 100 адам тамақтанатын орындық/үстел дайын тұрды. Мерейтойға тартылған 500 волонтердің киіміне 14 шілдеде жергілікті мәслихат шешімімен барлығы 13,5 млн теңге берілді. Мемлекеттік сатып алу арқылы ұйымдастырушы мекеме «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ.

Еріктілер 1-5 тамыз күндері Семей қаласында Алаштың тұңғыш білім ордасы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіндегі «Abai akademiasy» порталының тұсаукесерінен бастап, барлық іс-шараларда қонақтарға навигация жасап отырды. Олар Абай декадасының бағдарламасын, іс-шара өтетін орындардың сызбасын таратты. Волонтер қолымен көпшілік (Семей қаласындағы Этноауылда, Арбатта, оқу орындарындағы жиындарда) орында ұзын-саны 14 000-нан астам брошюра таратылды.

Еріктілерді 6-11 тамыз аралығы тасымалдау, күнделікті алып жүруге Білім басқармасынан 20 автобус (әрқайсысы 22 орындық) және газельдер (12 орындық) бөлінді. Еріктілер Абай мектеп гимназиясына (Бекбосынов к-сі, 44а); Жалпы орта білім беретін мектепке (Ералы к-сі, 6) бөліп орналасты. 100 ерікті Семей қаласындағы іс-шараларға атсалысты. Олардың қалалық және облыстық мәдени-көпшілік шараларға бөлінді, облыстардан келетін делегацияларды Қарауылға дейін алып жүруге 20 волонтер көмектесті. Той кезеңінде тазалықпен Абай ауданы есебіндегі 80 «Жасыл ел» сарбазы айналысты.

Шаралар барысында негізгі 4 локация (стадион, мәдениет үйі, «Абай» саябағы, Қарауыл төбе) бойынша қызмет ұйымдастырылды. Координаторларға шара барысында 20 рация берілді. Арнайы медиа штаб жұмыс атқарып 32 видеоматериал облыстық жастар орталығының ресми парақшасына жүктелді (әлеуметтік желіге салынған материалдар 300 000 нан аса қаралым жинады). Тамыз айының 11-і күні волонтерлер Қарауыл – Семей бағыты бойынша қайтты. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойында қызметте болған барлық волонтерлерге аймақ басшысы атынан алғыс хаттармен естелік сыйлықтар табысталады.

 

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы аясында 3000-нан астам жас Шүлбі кентінде, Водный кентінде, Святой ключ бұлағының маңы мен Жидебай жерінде 200 гектар аумақты күл-қоқыстан тазартып, арнайы техникалармен 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Республикалық «тарихи ескерткіштері тазалау» акциясы аясында «Ұстаз бен шәкірт», «Абай» ескерткіштерінің маңында тазалық жүргізілді.

«Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 200 гектар жерге 810 мың ағаш көшеттері отырғызылды.

Жастар арасында ақпараттық насихаттау жұмыстары бойынша                                1 117 жарияланым таратылып, 1 млн астам қаралым жинады.

 

«ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КРЕАТИВТІ АЛАҢДАР ҰЙЫМДАСТЫРУ» ЖОБАСЫ

«ERTIS ART» студенттік әуесқой жастар театрларының фестивалі өтті. Өнер сайысына Абай және ШҚО облыстарынан 4 жастар театрлары іріктеліп қатысты. Алдағы уақытта олардың дағдысы бойынша мастер-класс өткізіліп, әлеуметтік тақырыпта спектакль қою жоспарланды.

Абай облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы сыйлығын табыстау аясында «Бірге! Бір толқында!» облыстық жастар форумы өтті. Форумға 200 адам қатысты.           5 номинация бойынша жалпы 1 500 000 теңге көлемінде қаржы бөлінді (Үздік жастар ресурстық орталығы, Жылдың жас көшбасшысы, Жас еңбек адамы, Жылдың жас волонтері, Жас отбасы).

 

  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс немесе өзге әріптестік механизмдері арқылы 2026 жылы іске асырылатын жастар саясаты саласындағы ірі жобалар

Отансүйгіштік, ұлттық бірегейлік және тарихи сананы қалыптастыру бағытында әртүрлі форумдар, кездесулер, челлендждер мен патриоттық акциялар ұйымдастырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «Халықаралық еріктілер жылы аясында іс-шаралар кешенін жүзеге асыру» жобасы – еріктілік қызметті дамыту, әлеуметтік жауапкершілік пен өзара көмек мәдениетін арттыру мақсатында, сондай-ақ жастарды тартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылады.

Жас мамандарды қолдау және оқыту «SkillUp» жобасы – жастарды еңбек нарығына бейімдеу, кәсіби дағдыларды дамыту және қайта даярлау бағытында тренингтер мен оқыту курстарын ұйымдастыру көзделген.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жастарға арналған грант. Грант жастардың білім, ғылым, мәдениет және кәсіпкерлік салаларында жаңа жобаларды іске асыру үшін бөлінеді.

«Адал азамат – озық ойлы ұлт» жобасы жастардың сыни ойлау қабілетін, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және білімге деген құштарлықтарын арттыруға бағытталған тренингтер мен семинарларды ұйымдастыруды көздейді.

«Заң және тәртіп» жобасы аясында азаматтық жауапкершілік идеяларын ілгерілету, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағыну мен қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың денсаулығын нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар» жобасы аясында денсаулықты сақтау, спортпен айналысу, зиянды әдеттерден аулақ болу тақырыптарында түрлі спорттық және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған кешенді іс-шаралар» жобасы – жастарға ұлттық құндылықтарды, Отанға деген сүйіспеншілікті, ел тарихын және оның болашағын қорғауды насихаттау мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

  • жастар саясаты саласында өңір деңгейінде жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері және осы бағытта 2026 жылы ұйымдастырылатын жұмыс туралы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Аймақ жастарының құндылықтары, таңдауы және сын-тегеуріндері: әлеуметтік ұстанымдары» тақырыбында социологиялық зерттеу жүргізу. Аталған зерттеу аймақ жастарының қазіргі әлеуметтік көңіл-күйі мен өмірлік құндылықтарын, олардың кәсіби, отбасылық және азаматтық бағыттарын анықтауға бағытталған.

 

  • Халықаралық жастар күнін мерекелеу туралы және осы бағытта 2026 жылға жоспар

Жастар күнін мерекелеу қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастардың басын қосатын «Денсаулық сақтау және экология» тақырыбындағы республикалық жастар форумы өткізіледі.

Форум аясында секциялық жұмыстар, пікірталастар, сарапшылармен ашық кездесулер, шеберлік сағаттары өткізіледі. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, еріктілер, жас кәсіпкерлер, эколог мамандар мен медицина саласының өкілдері қатысады.

  • Жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастық және осы бағыттағы 2026 жылға қойылған міндеттер

Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия секілді шекаралас мемлекеттердің жастарының қатысуымен халықаралық жастар форумы өткізіледі.

Форум аясында қатысушы елдердің жастары білім, ғылым, кәсіпкерлік, еріктілік, экология, туризм, шығармашылық пен мәдениет бағыттарында тәжірибе алмасып, түрлі пікірталас алаңдары мен шеберлік сабақтарына қатысады.

Форумға төрт мемлекеттің белсенді жастары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

  1. Өңірдің жастар саясаты саласындағы проблемалық мәселелері және оларды шешу жөніндегі ұсыныстар.

Талдауға сәйкес, облыста жастардың әлеуетін дамыту бойынша назар аударатын бірқатар мәселе бар:

  1. Жастардың шешім қабылдауға қатысуын кеңейту мақсатында Абай облысының жергілікті атқарушы органдарында, мәслихат аппараттарында және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде жастардың санын арттыру, басшы лауазымдағы қызметшілер санын көбейту үшін жан-жақты ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет мүмкіндіктерін тарату қажет. Өңірлік кадрлық резерв мүшелерін тағайындау жұмысын жетілдіруді қажет етеді.
  2. «Абай жастары» және «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» бағдарламалары жастарға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызды құралы. 2026 жылға «Отбасы банк» облыстық филиалымен бірлесіп «Абай жастары» және «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын Семей және Аягөз қалаларында қайта қаржыландыру мәселесін пысықтауды сұрадық.
  3. Жастар ресурстық орталықтарындағы жалақының төмендігі және кадр тұрақсыздығы жастармен жұмыс сапасына тікелей әсер етеді (жалақы 125-155 мың теңге). Жастардың, ҮЕҰ-ның жобалармен айналысуына, бос уақытты тиімді өткізуіне арналған ашық және жабдықталған орындар жетіспейді. Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі қарастырылып, облыста жастар комьюнити-орталықтарын ашу мәселесі тапсырылды.
  4. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында маусымдық жұмыспен қамтылатын жастар квотасын кеңейту керек. NEET санатындағы жастарды, толық емес отбасы, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларын жазғы маусымда кеңінен қамту, оқушыларды еңбекке, тазалыққа баулу, облыстың экологиялық мәдениетін нығайту мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасына бөлінетін квота санын 1500-ге дейін көтеру сұралды. Ағымдағы жылы жобаға 62,7 млн теңге бөлінді. 2026 жылға арналған жобаға 66,2 млн теңге бөлу қарастырылған.

 

 

 

БАСҚАРМАНЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

1) ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы  негізінде Бірыңғай концептуалды және ұзақмерзімді жоспарлау құжаттарын бекіту.

2) Жастар ісі жөніндегі облыстық және аудандық кеңестердің жұмысын қайта жандандырып, Президенттік және Өңірлік кадр резервті сапалы ұйымдастыруға атсалысу.

3) Жастар ұйымдарының бастамаларын қолдай отырып, Мемлекет басшысының бастамалары, ҚР Үкіметі, Ұлттық Құрылтай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырмаларының өңірде уақытылы және тұрақты орындалуына жұмылдыру.

4) Мемлекеттік жастар саясаты, гранттар мен премиялар, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және тұрғын үй мүмкіндіктері, экологиялық, құқықтық, медиа саласы бойынша жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту.

5) Облыс жастарының халықаралық және шекаралық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру.

Облыстағы жастар саясатын дамытудың алдағы стратегиялық жоспары Мемлекет басшысы бекіткен «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» негізінде іске асырылады. Алдағы уақытта, жастар арасында «Заң және тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттарын таратуға, волонтерлік пен зияткерлік әлеуетін нығайтуға басымдық беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

«Семей» финалда «Ақтөбені» қапы қалдырып, Қазақстан кубогын тағы да алып кетті

29.12.2025
«Семей» финалда «Ақтөбені» қапы қалдырып, Қазақстан кубогын тағы да алып кетті

Semeytany.kz - Қазақстан кубогының финалында «Семей» футзал клубы «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңіп, мәртебелі трофейді екінші жыл қатарынан иеленді. Шешуші ойында...

Толығырақ...Details

Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

26.12.2025
Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

Semeytany.kz - «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес 2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев Көкпекті ауданының әкімі қызметіне...

Толығырақ...Details

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

26.12.2025
Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және азаматтардың мерзімді...

Толығырақ...Details

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

26.12.2025
Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт саласының...

Толығырақ...Details

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

26.12.2025
Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

2025 жылы еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау...

Толығырақ...Details

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

26.12.2025
Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған қонақ үйлерді классификациялау жүйесін жаңарту жұмыстарын жүргізуде....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ТУРАЛЫ

2 часа бұрын

«Семей» финалда «Ақтөбені» қапы қалдырып, Қазақстан кубогын тағы да алып кетті

4 часа бұрын

Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

3 дня бұрын

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

3 дня бұрын

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

3 дня бұрын

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

3 дня бұрын

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

3 дня бұрын

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

3 дня бұрын

Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтуде

3 дня бұрын

2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС