"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру мерзімдері мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

31.12.2025
Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру мерзімдері мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Соңғы жылдары еліміздің қалалары мен өңірлері қарқынды дамып, жаңа шағын аудандар, тұрғын үйлер, сауда-ойын-сауық орталықтары мен өзге де кәсіпкерлік нысандар белсенді түрде салынуда. Аталған объектілерді пайдалануға берудің негізгі шарттарының бірі – оларды инженерлік коммуникацияларға, соның ішінде электр энергиясына қосу болып табылады.

Жаңадан салынған немесе реконструкцияланған объектілерді электр желілеріне қосу үшін тұтынушы алдымен энергия беруші ұйымдардан техникалық шарттар алуы қажет. Алайда тәжірибе көрсеткендей, дәл осы кезеңде көптеген тұтынушылар түрлі қиындықтар мен даулы мәселелерге тап болады. Кейбір жағдайларда техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеушілік туындаса, кейде оларды орындау мүмкін болмай жатады.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қатысты қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіреді.

Электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен регламенттелген.

Аталған Қағидаларға сәйкес, электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар тұтынушының еркін нысандағы өтініші және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырылған сұрау парағы негізінде беріледі.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтініш түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын электр қондырғыларын қосуға арналған техникалық шарттарды, сондай-ақ электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін, тұтынушыны қосу схемасымен бірге береді.

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін құрылыс кезеңіне арналған уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады. Ал желілер немесе қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған кезде, техникалық шарттар жобаланатын желілердің иесімен келісілгеннен кейін жобаланатын желілерден беріледі.

Маңыздысы – техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін ешқандай ақы алынбайды.

Егер тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, ол энергетикалық сараптама жүргізу үшін уәкілетті сараптама ұйымына жүгінуге құқылы. Сараптама жасау ұйымының сұрауы бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Энергетикалық сараптаманың қорытындысы негізінде тұтынушы техникалық шарттарды қайта алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға еркін нысанда өтініш береді. Ал талаптарды өзгертуден қайта бас тартылған жағдайда, тұтынушы ұйымның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 301-1-бабына сәйкес, электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны, сондай-ақ құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден негізсіз бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Осылайша, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тарапынан техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бұзылған жағдайда, тұтынушы өз құқықтарын заңда белгіленген тәртіппен қорғауға және қалпына келтіруге толық мүмкіндігі бар.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің
Абай облысы бойынша аумақтық департаменті» РММ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС