"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жекеменшік мектептерді мемлекеттен қаржыландыру жүйесін реформалау керек – Мемлекет басшысы

05.01.2026
Жекеменшік мектептерді мемлекеттен қаржыландыру жүйесін реформалау керек – Мемлекет басшысы
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жекеменшік мектептерді мемлекеттен қаржыландыру жүйесін реформалау керек.  Бұл туралы «Turkistan» газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев айтты.

– Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және мәдениет саласына қатысты барлық міндеттеме толық орындалады. «Сырт көз – сыншы» деген сөз бар. Шетелдіктер, әсіресе, көрші мемлекеттердің тұрғындары біздің елдегі әлеуметтік қызметтің соншалықты дамығанына қызыға да, қызғана да қарайды. Соның ішінде кепілдік берілген тегін медициналық көмек және азаматтарға арналған көптеген жеңілдік бар. Тіпті, Қазақстанды «коммунизм орнаған» ел деп атай бастады, — деді Президент.

Мемлекет басшысы мысал ретінде жекеменшік мектептердің иелері де ауқымды мемлекеттік субсидия алатын орта білім жүйесін айтты.

— Барлық аймаққа жекеменшік мектептердің, балабақшалардың, оқу орталықтары мен үйірмелердің жұмысын қамтамасыз ету үшін «жан басына сәйкес қаржыландыру» қағидаты бойынша қомақты қаражат бөлу міндеті жүктелген. Бұған қоса, ауқатты кәсіпкерлердің меншігіндегі және ата-аналары балалардың оқу ақысына көп ақша төлеп отырған элиталық мектептерге де бюджеттен қаржы бөлінеді. Бұл саланы мемлекеттен қаржыландыру жүйесінің өзін реформалау керек. Министрліктің бұрынғы басшылары енгізген бүгінгі бұрмаланған тәртіп бейберекеттікке әкеп соқтырады, себебі қазірдің өзінде қаражат жетпей жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жекеменшік медицина саласында да осыған ұқсас ахуал қалыптасқанын айтты.

— Бұрын жекешелендірілген медицина мекемелері көбінесе күрделі құрал-жабдықтар сатып алмайды, тексеруден өту үшін науқастарды мемлекеттік емханаларға жібереді. Бірақ ең бастысы, оларға шын мәнінде науқастардың санына қарай емес, «тіркелген» адамдардың санына қарай бюджеттен ақша бөлінеді және бұл «жан басына сәйкес қаржыландыру» деп аталады. Науқастардың санында мүлде нақтылық жоқ, тіркеу жұмыстары қалай болса солай жүргізіледі. Барлығы ашық болуға тиіс, осы саладағы үрдістің бәрін цифрландырған жөн. Жалпы, бұл – күрделі мәселе, Үкімет бұған назар аударуға тиіс. Мен лауазымды тұлғалардың мұндай жағдайға жол беріп қана қоймай, мемлекет мүддесіне қайшы келетін нәрселерді «өз қолымен» жасағанына таңғаламын. Бір сөзбен айтқанда, тиісті мекемелердің жөнсіз іс-әрекеттерінің кесірінен білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жеке кәсіпкерлік ұғымы бұрмаланып кеткен. Ахуалды түзеу қажет. Бюджеттен қаржы бөлінбесе, әлеуметтік нысандардың қиын жағдайға тап болуы мүмкін екенін түсінемін. Бірақ жеке бизнесті түгелдей дерлік мемлекеттің мойнына артып қоюға болмайды, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев медицина туризмі тұрғысынан алғанда Астана мен басқа да қалаларымыздың танымалдығы арта түскені көңіл қуантатынын айтты.

— Дәрігерге қаралып, сапалы ем-дом алу үшін көрші елдерден бөлек, тіпті, АҚШ-тың және Еуропаның кейбір мемлекеттерінің азаматтары Қазақстанға келіп жатыр. Мемлекет мұғалімдерге және медицина саласының қызметкерлеріне өте жақсы қолдау көрсетті. Олардың жалақысы бірнеше есе өсіп, қоғамдағы мәртебесі де арта түсті. Бұл дер кезінде қабылданған орынды шешім болды. Бірақ, алаяқтыққа жол берілмейді. Кеңес заманындағы түрлі аймақтық қақтығыстарға қатысқан «ардагерлер» әлі күнге дейін әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланып келеді. Мен халыққа Жолдауымда Кеңес Одағының күйрегеніне отыз жылдан астам уақыт өтсе де, «ардагерлер» күн өткен сайын көбейіп, неге екені белгісіз, жасарып бара жатқанын айттым, — деді Президент.

Мемлекет басшысының дерегінше, Қазақстанда 740 мыңнан астам мүгедек адам бар екен.

— Еліміздің ешқандай қарулы қақтығысқа қатыспайтынын ескерсек, 20 миллион халқы бар мемлекет үшін мұның көптеу екеніне келісетін шығарсыз. Кезінде жауапты мекеме қызметкерлері мемлекеттен көмек алу үшін туыстарын, мәселен, гипертония диагнозы қойылған жақындарын мүгедектер қатарына қосып жаза салғаны анықталып отыр. Мұндай заңсыз әрекеттер аз емес. Сондықтан Үкімет пен құқық қорғау органдарына осы салада тәртіп орнатуды тапсырдым, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

19.03.2026
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия жүргізуге бастамашылық жасады. Бұл шара азаматтар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Қазақстанның болашағы қандай болуы керек екенін айтты

19.03.2026
Тоқаев Қазақстанның болашағы қандай болуы керек екенін айтты

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесу барысында Қазақстанның болашағына қатысты пікірін айтты. – Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге...

Толығырақ...Details

Жайық. Ертіс. Айтыс

19.03.2026
Жайық. Ертіс. Айтыс

Алаштың асыл мұрасы – айтыс өнері қасиетті Абай жерінде тағы бір мәрте жаңғырып, ұлттық рухты асқақтатқан айтулы мәдени оқиғаға айналды....

Толығырақ...Details

Абай облысында әлеуметтік қолдау күшейіп, қызметтер цифрландырылып жатыр

19.03.2026
Абай облысында әлеуметтік қолдау күшейіп, қызметтер цифрландырылып жатыр

Абай облысында халықты әлеуметтік қорғау тетіктерін жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Әсіресе, медициналық-әлеуметтік сараптаманы дамыту, қызметтердің қолжетімділігін арттыру және...

Толығырақ...Details

Семей қаласында Ұлттық киім күні атап өтілді

19.03.2026
Семей қаласында Ұлттық киім күні атап өтілді

Семей қаласындағы бизнес және сервис колледжінде Наурыз мерекесі қарсаңындағы Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара...

Толығырақ...Details

Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс индустриясының халықаралық алаңы

19.03.2026
Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс индустриясының халықаралық алаңы

2026 жылғы 5–7 мамыр аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс техникасы мен жабдықтарының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

9 часов бұрын

Тоқаев Қазақстанның болашағы қандай болуы керек екенін айтты

9 часов бұрын

Жайық. Ертіс. Айтыс

12 часов бұрын

Абай облысында әлеуметтік қолдау күшейіп, қызметтер цифрландырылып жатыр

14 часов бұрын

Семей қаласында Ұлттық киім күні атап өтілді

14 часов бұрын

Eurasian Construction Technology Astana 2026 – құрылыс индустриясының халықаралық алаңы

14 часов бұрын

Business Media Central Asia (BMCA) компаниясы Comtrux Astana жаңа халықаралық көрмені іске қосады

14 часов бұрын

ЖИ-контентке қойылатын талап күшейді

2 дня бұрын

Абай облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл: 2026 жылдың алғашқы нәтижелері

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС