"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тарбағатай БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА КЕНЕЛДІ

08.01.2014
Тарбағатай БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА КЕНЕЛДІ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарбағатайда Жаңа жыл шыршасының шамы жылдағадан ерте жанды, Аудандық мәдениет үйінде балаларға арналған Жасыл шырша мерекесі желтоқсанның жиырма үшінде басталып кетті. Үш-төрт күннің ішінде тоғыз  шырша мерекесі өтіп, оған  аудан орталығындағы екі мектептен 400-ге жуық бала қатысып, мерекелік қуанышқа бөленді

 

Желтоқсанның жиырма үшінші жұлдызы күні аудандық мәдениет үйінде «Сырдария» және «Сәлем» дүкендерінің иелері, ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Құлмағанбет пен Анар Қожахметовтар жылдағыдай жаңа жылды қарсы алу мерекесін өткізді. Оған жетім, жартылай жетім және  аз қамтылған отбасыларынан шыққан 50 бала қатысты. Кәсіпкерлер әр балаға 10000 теңгенің сыйлығын тарту етті.

 

Желтоқсанның жиырма алтыншы жұлдызында мәдениет үйінде аудан әкімі Ділдабек Оразбаевтың қатысуымен аудандағы аз қамтылған отбасы балалары, жетім, жартылай жетім  балаларға арналған  шырша мерекесі өтті. Жаңа жылдық «Шырша жыры» әнімен басталған айтулы мерекеге  балалар алуан түрлі үлгіде киініп келіпті.  Мектеп өнерпаздары  билеген “Жаңа жыл” вальсі,  «Көбелектер биі», жұмбақтар жасыру, Аяз ата мен Қаршақызды қарсы алған, әр ауылдан келіп ән салып, би билеген балалардың өнері мерекені ажарландырып жіберді. Балаларды тамаша әсерге бөлеген аудандық мәдениет үйі әзірлеген «Қызыл Телпек» қойылымы да көңілден шықты.   Ортадағы алып  шыршаны айнала  өз өнерлерін көрсеткен балаларға Аяз атаның тәттілері мен аудан әкімінің атынан сыйлықтар берілді. Аудан жасөспірімдеріне жаңа жылдық көңіл күй сыйлау, оларға ерекше мереке салтанатын өткізуде шырша мерекесінің шығармашылықпен жоғары деңгейде өтуіне №2 Ақсуат орта мектеп ұжымы  (директоры Б.Көшкімбаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сұлтанбекова) ұйымшылдық танытты.

 

Ақсуат халық театрының әртістері балалар шығармашылығына орыстың халық ертегісінің желісіндегі Мейрамғали Дәрменқұловтың «Қызыл телпек» және «Ханзада мен Ханшайым» атты ертегісінің  қойылымын ұсынды. Балаларға арналған жаңа жылдық тамаша қойылымды театрдың көмекші режиссері Г.Искакова  сахналады.

Аудан әкімі Ділдабек Оразбаев желтоқсанның      жиырма жетісі күні Ақжар ауылына барып, М.Әуезов атындағы орта мектепте оқушылардың жаңа жылдық мерекесіне қатысты. Бұл мектептің ұжымы да (директоры Әлия Нұрахметова, тәрбие ісінің меңгерушісі Лена Жүнісбекова) жаңа жыл тойын балалар түсінігіне лайық, танымдық, тәрбиелік мақсатта қызықты етіп ұйымдастырыпты. Ән шырқап, би билеп, тақпақ айтып, жұмбақтар шешкен өнерлі балалар мұнда да Аяз ата мен қаршақыздың сыйлығына қарық болды. Әр ауылдан жиналған балаларға аудан әкімі өз қолымен сыйлықтар үлестірді. Жаңа жыл тойына арналған шаралар одан кейін де жалғасып жатты.

 

Хамза САТИЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС