"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды

16.01.2026
Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдап, жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда жүйелі заңбұзушылықтар барын мәлімдеді. Нәтижесінде Премьер-министр Олжас Бектенов қорды Қаржы министрлігінің қарамағына беруді тапсырды.

Үкімет мәліметінше, 2025 жылғы 18 желтоқсанда Премьер-министр Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру мақсатында ӘМСҚ жұмысына талдау жүргізуді жүктеген. Тексеру қорытындысын қаржы министрі Мәди Такиев баяндап, шығыстар өссе де қор жұмысының тиімділігі соған сай артпай отырғанын айтты.

Министр келтірген дерекке сүйенсек, 2026 жылы денсаулық сақтау бағытындағы шығыстар 2,4 трлн теңгеге жетіп, 2020 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге көбейген. Сонымен қатар 2020 жылдан бері жинақталған инвестициялық табыс 588 млрд теңгені құраса, оның 195,9 млрд теңгесі 2025 жылдың өзіне тиесілі болған. Талдау барысында қаражаттың едәуір бөлігі қор активтерінде жинақталып, медициналық қызмет көрсетуге толық көлемде жұмсалмайтыны көрсетілген.

Қаржы министрлігі жүргізген медициналық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелеріне IT-аудит барысында бірқатар заңбұзушылық белгілері анықталған. Олардың ішінде жалған пациенттерді тіркеу, азаматтарға өздеріне тән емес қызметтерді көрсету, бір қызметті МӘМС пен жұмыс берушінің ерікті сақтандыруы арқылы қосарлап төлеу, қысқа мерзімде «әдеттен тыс» көп қызмет көрсету, қайтыс болған азаматтарға қызмет жазу, балаларға бір күнде мыңнан аса дәрі-дәрмек жазып беру сияқты күмәнді деректер бар.

Мәди Такиев нақты мысалдар да келтірді. Айтуларынша, Астанадағы жекеменшік клиникада бір күнде 1 442 пациент қабылданғаны көрсетілген, ал жұмыс уақыты есептелгенде бір дәрігерге мұндай көлемнің сыймайтыны айтылды. Сол секілді бір дәрігердің бір айда 4 832 науқас қабылдаған дерегі де назарға алынған. Бұдан бөлек, бір маманның бір ай ішінде 1 713 ем-шара жасағаны тіркеліп, жекелеген күндері тәулігіне 300-400 тексеру көрсетілген жағдайлар болған.

Тағы бір дерек ретінде 996 қайтыс болған пациентке қатысты 3 640 қызмет көрсету оқиғасы анықталғаны айтылды: мысалы, 2023 жылы қайтыс болған адам 2025 жылы қабылдауға жазылған. Сондай-ақ 1,8 млрд теңгеге пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтердің 769 446 жағдайы тіркелген: 768 827 ер адам жатыр мойны обырына скринингтен өтті деп көрсетілген, 619 ер адамға маммография жасалды деген жазбалар бар. Бір аудандық аурухананың өзінде осындай 11 123 жағдай анықталғаны хабарланды.

Балаларға қатысты дәрілік заттарды жалған тіркеудің 68 717 жағдайы нақтыланғаны да айтылды. Диксимид препараты бойынша екі балаға қатысты 126 мың жазба тіркеліп, әрқайсысына 63 мың реттен есептен шығарылғаны көрсетілген. Сонымен қатар бір пациентке бір тәулік ішінде дәрі-дәрмектерді есептен шығарудың 2 872 жағдайы белгілі болған. Балалар ауруханасында осыған ұқсас 179 жағдай анықталып, 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылған, ал пациенттердің стационарда бір күнге жетпейтін уақыт болғаны келтірілді.

Талдау қосарланған қаржыландырудың да кең таралғанын көрсеткен: бір жағдайда жекеменшік ұйымдар жұмыс берушінің ерікті сақтандыруы бойынша және МӘМС қаражаты есебінен қатар төлем алуы мүмкін делінсе, екінші жағдайда бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйым базасында қатар тіркелуі тіркелген.

Бұдан бөлек, салық органдары камералдық бақылау арқылы медициналық ұйымдар басшыларының табыстары мен мүлік сатып алуларын саралаған. Нәтижесінде 2024-2025 жылдары 1 465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісін сатып алғаны, 912 адамның 1 416 автокөлік иеленгені анықталған. Жекелеген басшылардың әрқайсысы 52-ден 124-ке дейін жылжымайтын мүлік пен 14-тен 24-ке дейін автокөлік алған деректер де аталды.

Үкімет жүйедегі басқа да түйткілдерге тоқталды: Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің шашыраңқылығы, пациенттер мен ұйымдар бойынша бірыңғай деректер қорының болмауы, бастапқы талаптар расталғаннан кейінгі бақылаудың әлсіздігі, үнемделген қаражатты бюджетке қайтару тетіктерінің жоқтығы, сондай-ақ 3 мыңнан астам тарифтің қолданылуы әкімшілендіру мен қадағалауды қиындататыны көрсетілді.

Қорытындысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне анықталған деректер бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауды, барлық қаржы ағындарын бақылау үшін ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің қарамағына беруді, ведомство жүйелері базасында денсаулық сақтау саласының бизнес-процестерін толық цифрландыруды және ӘМСҚ активтерін орналастыру мен инвестициялық табысқа қатысты стратегия параметрлерін қайта қарап, негізсіз қаржыландыруды тоқтатуды тапсырды.

Мақалада: ӘМСҚзаңбұзушылықҚаржы министрлігіМӘМСОлжас Бектенов

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

21 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС