"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

09.05.2026
Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өңірде шомылу маусымында су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Алмас Сүлейменов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

Облыс аумағында адамдардың шомылуына және демалуына арналған 21 ресми орын белгіленген. Оның ішінде 15 коммуналдық жағажай, 2 жеке жағажай және 4 көпшілік демалуға және туризмге арналған аймақ бар.

— Коммуналдық жағажайлар Семей, Курчатов қалаларында, сондай-ақ Көкпекті, Жарма, Бородулиха, Бесқарағай, Аягөз, Абай және Мақаншы аудандарында орналасқан. Ал жеке демалыс орындары мен жағажайлар қатарында Семей қаласындағы «Еркеназ» демалыс базасы, Жарма ауданындағы «Жарма-Арасан» және Бородулиха ауданындағы бірнеше демалыс базалары бар. Қазіргі таңда облыс бойынша жағажайлардың дайындығына, құтқару және медициналық бекеттердің жабдықталуына, сондай-ақ құтқару құралдарының толық болуына комиссиялық тексерулер жүргізілуде. Барлық нысандарда қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрақты бақылауға алынған, — деді басқарма басшысы.

Мамыр айынан бастап ауа температурасының көтерілуіне байланысты су айдындарында рейдтік іс-шаралар күшейтіліп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ерекше назар балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне аударылған.

— Биылғы жылы су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 16 су патрулі және 30 жаяу патруль ұйымдастырылды. Департамент тарапынан 100-ден астам құтқарушы мен 30 бірлік жүзу және көлік құралдары жұмылдырылды. Құтқарушылар қажетті арнайы құралдармен толық қамтамасыз етілген. Осыған байланысты департамент тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады: тек рұқсат етілген жерлерде шомылу, мас күйінде суға түспеу, белгіленген шекарадан аспау және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау қажеттігі ескертіледі, — деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ су айдындары иелеріне құтқару бекеттерін ұйымдастыру, медициналық пункттерді жабдықтау, бақылау мұнараларын орнату, ақпараттық стендтер қою және қауіпсіздік аймақтарын қалқымалармен белгілеу сияқты міндеттерді орындау ұсынылып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС