"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

09.05.2026
Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Берік Уәли Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері, мереке күндеріне орай Мәскеуге барған Григорий Маларовқа байланысқа шығып, мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы бүгінде Абай облысындағы көзі тірі жалғыз майдангерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Сіздің өмір жолыңыз жас ұрпақ үшін шынайы отансүйгіштіктің үлгісі болып саналады. «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды» – Жеңіс күнінің барлық мән-мағынасы осы сөздерге сыйып тұр. Халқымыз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің теңдессіз ерлігін әрдайым есте сақтап, құрметтейтін болады. Барша отандастарымыздың атынан Сізге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!», – делінген құттықтауда.

Ардагерге мемлекет тарапынан 5 миллион теңге қаржылай сыйақы берілді.

Биыл жазда 100 жасқа толатын Григорий Маларов 19 жасында Отан қорғауға аттанып, соғыс жылдарында майдан жолынан өтті. 2-ші Балтық майданы құрамында Эстония мен Польшаны азат ету шайқастарына қатысып, Берлинге дейін жетті. Майдандағы қайсарлығы арқылы Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты.

Соғыстан кейінгі жылдары Шүлбі ГЭС-інде бас экономист қызметін атқарды. Энергетика саласының дамуына қосқан үлесі мен көп жылғы адал еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.

Аймақ басшысы бүгін сондай-ақ Семей қаласында тұратын тыл ардагерлері Шайхслям Үскенбаев пен Иван Бельгердің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.

Шайхслям Үскенбаев соғыс басталған жылы 13 жаста болған. Әкесі сол жылдары еңбек армиясына кетіп, шешесі ауылда қалып әскерлерге қолғап тоқып, ауыл шаруасына араласқан. Ол 14 жасынан бастап колхоз жұмысында еңбек етті.

Майданнан кейінгі жылдары халық депутаттары кеңесі жанындағы ауылдық кеңестің төрағасы қызметін атқарып, ел ішінде сыйлы азамат ретінде танылды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосты. Бүгінде Семей қаласында ұрпақтарының ортасында бақытты ғұмыр кешіп отыр. Тоқсан сегіз жасқа келген қария соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған. Ақсақал лебізін білдіріп, кейінгі ұрпаққа ақ батасын берді.

Иван Бельгер 1927 жылы дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде еңбекке ерте араласып, орман шаруашылығында жүргізуші, кейін механик болып ұзақ жыл еңбек етті. Майдан жылдарында Қазақстанға жер аударылған Бельгерлер отбасы Павлодар өңіріне қоныстанып, кейін Майқарағай орман шаруашылығында тұрақтаған. Иван Иванович небәрі 15 жасында үлкен жүк көліктерін жүргізіп, еңбек майданына араласты. Кейін Екібастұз қаласында көміравтоматика саласында бас механик болып еңбек етіп, 58 жылдық еңбек өтілімен зейнетке шыққан. Қазіргі таңда Семей қаласында тұрады. 99 жастағы қария «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» секілді көптеген медальдармен марапатталған.

Облыс әкімі тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, олардың өмір жолы кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге екенін атап өтті.

«Соғыс жылдары бар ауыртпалықты көтеріп, тылда тынымсыз тер төгіп, елдің еңсесін тіктеуге өлшеусіз үлес қостыңыздар. Мереке қарсаңында хал-жағдайларыңызды біліп, облыс жұртшылығы атынан құттықтайық деп арнайы келіп отырмыз. Сіздердің өмір жолдарыңыз кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, үлкен мектеп», – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, өңірімізден 100 мыңға жуық азамат отан қорғауға аттанып, олардың 44 мыңнан астамы туған жерге оралмады. Майдан даласында көрсеткен теңдессіз ерлігі үшін 56 жерлесімізге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС