"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 379 млрд теңгелік құрылыс жоспары әзірленіп, 35 нысан салынуда

19.01.2026
Абай облысында 379 млрд теңгелік құрылыс жоспары әзірленіп, 35 нысан салынуда
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтіп, өңірдің 2026 жылға арналған құрылыс жоспары мен облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі және оларды қорғау шаралары талқыланды.

Жиында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Бекжан Бапышев пен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан баяндама жасады. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан-қала әкімдері бейнережимде қосылды.

Ресми дерекке сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 354 млрд теңгеге жеткен. Ал 2026 жылға күтілетін көрсеткіш 379 млрд теңге болып отыр. Қазір облыста бюджет қаражаты есебінен 35 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұған қоса off-take келісімі аясында білім, спорт және мәдениет бағытындағы бірнеше нысан салынуда.

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 2025 жылы 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталғаны айтылды. Сонымен бірге «Абайға құрмет» акциясы аясында 16 жобаның құжаттары әзірленіп жатыр. Олардың қатарында Достық үйі, көрме орталығы, Келешек мектебі, үстел теннисі орталығы, шығармашылық және медиа орталықтары, Ертістің сол жағалауын абаттандыру, Жекпе-жек сарайы, Рәміздер алаңы, «Анаға тағзым» кешені, мешіт, стадион, ботаникалық парк, «Абай әлемі», руханият орталығы, желілік парк және қоғамдық кеңістігі бар мәдениет үйі сияқты жобалар бар.

Аймақ басшысы салаға жауапты орынбасарына және құрылыс басқармасына қала-аудан әкімдерімен бірлесіп, салынып жатқан әлеуметтік нысандарды және off-take келісімімен іске асып жатқан жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ 2026 жылға жоспарланған тұрғын үйлерді пайдалануға беру мен әлеуметтік осал топтарға арналған жалдамалы пәтерлерді уақытылы қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән беруді міндеттеді.

Берік Уәлидің айтуынша, 2026 жыл өңір үшін инфрақұрылымдық даму мен құрылыс саласында жаңа белеске шығатын кезең болмақ. Негізгі мақсат – әлеуметтік-экономикалық әлеуетті арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС