"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАНК БӨЛІМШЕСІ ЖАҢА ҒИМАРАТТА

28.03.2015

Семей қаласында «Нұрбанк» АҚ филиалы ашылды. Салтанатты шараға Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов қатысты.

{jcomments on}Жаңадан ашылып отырған банк филиалы қаланың ірі кәсіпорындарына, әртүрлі ұйымдарға, шағын және орта бизнес компанияларына, жеке тұлғаларға кешенді қызмет көрсете алады. Яғни қалада жұмыс істейтін банк бөлімшесі аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлікке несиелік және түрлі бағдарламалар арқылы көмек көрсету ісіне қатысуда. Сонымен қатар, барша қазақстандықтармен бірге Семей филиалының тұтынушыларына да «Нұрбанк» АҚ ұсынатын барлық қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айт-қанда, интернет-банкингтен бастап дәстүрлі ақша аудару, валюта айырбастау, несие алу, депозитке салу сияқты қызметтерді пайдалануға болады.

Салтанатты шарада сөз алған қала әкімі Айбек Кәрімов банк қызметкерлері мен барша семейліктерді банк филиалының ашылуымен құттықтап, банк қызметіне сәттілік, табыс тіледі.

— Жалпы, дүниежүзілік экономикалық жүйеде банк институты экономиканың күре тамыры саналады. Өйткені бүкіл экономика осы банк жүйесімен байланысты. Әрине, банктің айналым қоры, оның қаржы салушылары, тұтынушыларының көп болғаны қала экономикасының деңгейін де көрсетеді. Екіншіден, бұл қаланың көрікті орындарының біріне айналады. Сондықтан да біз «Нұрбанк» АҚ басқармасына қаламызда талайдан бері тұрып қалған ғимаратты қайтадан қалпына келтіріп, Семейдің көрікті жерлерінің біріне айналдырып жатқанына ал-ғысымызды айтамыз. Бұл — тек банк қызметкерлерінің ғана емес, семейліктердің де қуанышы, — деді қала әкімі өз сөзінде.

 

Өз кезегінде «Нұрбанк» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалының директоры Дархан Төлеген мен «Нұрбанк» АҚ-ның басқарушы директоры Талғат Шәміл сөз алып, семейліктерге, салтанатты рәсімге қатысушыларға алғыстарын жеткізіп, қолдау танытқан қала әкіміне, әріптестеріне ризашылықтарын білдірді.

 

—  Бүгін, міне, Семей қаласында ашық-жарқын салтанатты күн. Өйткені қаламызға үлес қосып, осындай ғимаратты жөндеуден өткізіп, халқымызға жақсы қызмет көрсететін орын ашып отырмыз.  Наурыз мерекесі кезінде біз де жаңа ғимаратқа көшіп отырмыз, — деді «Нұрбанк» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалының директоры Дархан Төлеген.

Жалпы, «Нұрбанк» ақ 1992 жылы Атырау қаласында құрылған. 2003 жылы банк Алматы қаласына көшірілді. Қысқа мерзімнің ішінде «Нұрбанк» АҚ  аймақтық банктен республикалық деңгейге көтеріліп, Қазақстан банктерінің алғашқы ондығында нық орнықты. Бүгінгі күні «Нұрбанк» АҚ бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша 8 — орында тұр. Қазіргі таңда республиканың барлық ірі аймақтарында 16 филиал, 75 әмбебап орталық банктік қызмет көрсетуде.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

10 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

10 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

10 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

14 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС