"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдер қалай жүзеге асады

21.01.2026
Жаңа Парламенттегі мандат саны 145 болуы мүмкін — Ұлттық құрылтай
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мәжіліс депутаты  Ерлан Саиров Jibek Joly радиосының «WAKE UP» таңғы шоуына сұхбат беріп, ұлттық құрылтайдың болашақ реформаларға қалай әсер ететіні жөнінде пікір білдірді.

Мәжіліс депутаты Президенттің саяси реформаларына тоқталды.

– 2019 жылдың наурыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгенде, егер Қазақстанда саяси реформалар жүргізілмесе, халықтың әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мүмкін болмайтынын мәлімдеген еді. Бұл — Президент Тоқаевтың ең алғашқы әрі маңызды мәлімдемелерінің бірі. Осыдан кейін Қазақстанда саяси реформалардың жүйелі бағдарламасы қалыптасты деп айтуға болады. Саяси реформалар 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырыла бастады. Ал Ұлттық құрылтай – еліміздегі билік пен халықтың, мемлекет пен қоғамның арасындағы өзара байланысты нығайтатын тиімді алаң және өзара қарым-қатынастың оңтайлы формасы, – деді Мәжіліс депутаты.

Ұлттық құрылтайға Қазақстанның барлық өңірінен өкілдер, түрлі әлеуметтік топ мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдері қатысады. Ең маңыздысы, Құрылтай барысында айтылған әрбір пікір назардан тыс қалмайды. Барлық ұсыныс жан-жақты сарапталып, соның негізінде нақты шешім қабылданады.

– Биылғы Құрылтайда Президент баяндамасының мазмұны мен қамтыған тақырыптары өте ауқымды, ұлттық сипатқа ие болды. Ұлттық құрылтайдың өзі – халықпен тікелей диалог алаңы. Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауы ресми форматта өтетін болса, Ұлттық құрылтайда халқымыздың рухани болашағы, ұлттық болмысымыз туралы деген мәселелер кеңінен қозғалады, – деді Е.Саиров.

Сонымен бірге, депутат құрылтай өтетін өңірлердің географиясы үнемі өзгеріп отыратынын атап өтті. Бұған дейін Құрылтай өткен Ұлытау, Түркістан, Атырау және Қызылорда аймақтарының таңдалуы тегін емес.

– Қызылорданың қазақ халқы үшін тарихи әрі рухани маңызы ерекше. Ең алдымен, Қызылорда – бір кездері Қазақстанның астанасы болған қала. Бұл оның ел тарихындағы орнын айқындайтын маңызды дерек. Сонымен қатар Сыр өңірі халқымыздың рухани әлеміне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан аймақ. Мұнда жыраулық дәстүр ерекше дамыған, Шыңғыс жырау сияқты тұлғалар осы өңірден шыққан. Бұл Қызылорданың мәдени-рухани әлеуетін көрсететін маңызды факторлар, – деді депутат.

Спикердің айтуынша, Ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуы, ең алдымен, Жалпыұлттық жоспарды әзірлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жоспарға құрылтай барысында көтерілген барлық негізгі мәселе енгізіледі.

– Жалпыұлттық жоспар аясында мемлекет деңгейінде қандай шешімдер қабылдануы керек, қандай заңдар мен тұжырымдамалар әзірленуі қажет екені, сондай-ақ өңірлерде қандай нақты басқарушылық шешімдер жүзеге асырылуы тиіс екені айқындалады. Бұл жоспар қабылданып қана қоймай, оның орындалуы мемлекет пен қоғам тарапынан тұрақты бақылауда болады. Мәселен, екі жыл бұрын депутаттар шекаралық аймақтарды дамыту туралы заң қабылдау бастамасын көтерді. Оны Президент қолдады. Қазіргі таңда бұл заң депутаттық бастама ретінде Мәжілісте талқыланып жатыр, ал келесі кезеңде Үкімет қарауына ұсынылады. Бұл заң шамамен 3,5 миллион азаматтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға тікелей ықпал етеді, – деді Е.Саиров.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС