"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мейіргүл Жетпісбаева: Квотасыз сайлау және Құрылтай – саяси жүйенің нақты демократиялануы

21.01.2026
Мейіргүл Жетпісбаева: Квотасыз сайлау және Құрылтай – саяси жүйенің нақты демократиялануы
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі еліміздің саяси жүйесін түбегейлі трансформациялаудың жаңа бағдаршамына айналды. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғылымының кандидаты Мейіргүл Жетпісбаева айтты.

Оның пайымынша, бұл баяндама жай ғана өзгерістер емес, Қазақстанның мемлекеттік құрылымының сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуін айқындап берді. Реформаның өзегі — Парламенттің рөлін күшейту және оны халықтық биліктің шынайы институтына айналдыру. Бір палаталы Парламентке көшу және оны халқымыздың төл тарихындағы қастерлі ұғым — Құрылтай деп атау туралы ұсыныс билік пен қоғамның арасындағы алтын көпірді қайта қалпына келтіреді.

— Бұл реформа Парламенттің заң шығару қызметін де түбегейлі өзгертеді: ендігі жерде заң жобалары үш кезеңнен тұратын жаңа процедурамен – алдымен жалпы мақұлдау, сосын өзгерістерді бекіту және соңғы кезеңде қабылдау арқылы өтпек. Мұндай тәсіл қабылданатын заңдардың сапасын арттырып, әрбір норманың жан-жақты сарапталуын қамтамасыз етеді. Осылайша, Парламент қызметін қайта құру арқылы мемлекеттің институционалдық тұғыры нығайып, «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген орнықты саяси жүйе толыққанды қалыптасады, — деді ғалым.

Мейіргүл Жетпісбаева парламенттік реформаның тағы бір маңызды қыры — депутаттық корпустың жасақталу принципі екенін жеткізді. Президенттің өз квотасынан және Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасынан бас тартуы мемлекетті демократияландыру жолындағы теңдессіз ерік-жігердің көрінісі болып табылады.

— Ендігі кезекте депутаттар тек қана бәсекелестік негізде, ортақ тәртіппен сайланады. Бұл ретте мандат санының 145-ке дейін оңтайлануы мен комитеттер санының сегізден аспауы — Парламенттің кәсібилігі мен жеделдігін арттыруға бағытталған нақты қадам.

Реформа заң шығарушы органға мемлекеттік маңызды құрылымдарды бақылау құзыретін де береді: Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата мен Орталық сайлау комиссиясы мүшелерін тағайындау, тіпті Жоғарғы сот судьяларын сайлау енді тек Парламенттің келісімімен жүзеге асырылады. Бұл «тепе-теңдік пен тежемелік» жүйесін нақты іске қосып, Парламенттің саяси салмағын арттыра түседі. Сонымен қатар, Вице-Президент институтының енгізілуі мен Қазақстанның Халық Кеңесінің құрылуы билік иерархиясын тұрақтандырып, халық пен билік арасындағы диалогтың жаңа трибунасына айналмақ, — деді оқытушы.

Мейіргүл Жетпісбаеваның сөзіне қарағанда, Президенттің билік басына келудің тек заңды сайлау арқылы жүзеге асуы тиістігі туралы ұстанымы, атап айтқанда, Мемлекет басшысы қызметінен мерзімінен бұрын кеткен жағдайда екі ай ішінде сайлау өткізу нормасын Ата заңда шегелеп бекітуі — мемлекеттің болашақ қауіпсіздігі мен саяси сабақтастығының кепілі.

— Бұл ауқымды реформалар жиынтығы, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам. Біз Әділетті Қазақстанның іргетасын бірге қалап, мемлекеттіліктің жаңа деңгейіне қадам басып отырмыз. Сондықтан бұл стратегиялық бастамалардың ел игілігіне қызмет ететініне кәміл сенемін, — деді ғалым.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 часа бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС