"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығы заманауи құрылғылармен жабдықталды

23.01.2026
Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығы заманауи құрылғылармен жабдықталды
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығына жақында компьютерлік томограф және цифрлық рентгендік маммографиялық аппараты келді. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли медициналық нысандағы жоғары технологиялы заманауи қондырғылардың жұмысымен танысты.

Медициналық жабдықтар орталықтың өз қаражаты және 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында республикалық бюджет есебінен сатып алынды. Аталған жоба шеңберінде клиникалық зертханаларға, емханалық бөлімге, хирургия, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріне, сондай-ақ, басқа да құрылымдық бөлімдерге шамамен 50 түрлі медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Бұл кешенді тәсіл онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің толық циклін заманауи медициналық технологиялар арқылы жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ядролық медицина және онкология орталығының директоры Саят Таңатаров аймақ басшысына заманауи жабдықтардың мүмкіндіктері және орталықтың қызметі, алдағы даму жоспарлары туралы баяндады.

Жақында іске қосуға жоспарланып отырған жабдықтардың қатарында сәулелік диагностика бөлімінде орнатылған «Revolution Maxima» компьютерлік томографы және «GIOTTO CLASS 40000» цифрлық рентгендік маммографиялық аппараты бар. Бұл жүйелерді іске қосу орталықтың диагностикалық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. «Revolution Maxima» компьютерлік томографы жоғары сканерлеу жылдамдығымен, кескін сапасының айқындығымен және сәулелік жүктеменің төмендігімен ерекшеленеді. «GIOTTO CLASS 40000» цифрлық маммографиялық аппараты сүт бездерін жоғары дәлдікпен зерттеуге арналған және диагностика саласындағы заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Орталықтың негізгі ғимараты 1978 жылы салынған. Құрамында 85 төсек-орынға арналған стационар және екі қосалқы ғимарат бар. Сонымен қатар емхана, радиологиялық орталық және радиология бөлімі жұмыс істейді. Қазіргі таңда мұнда 575 адам еңбек етеді. Бүгінде орталық облыстың 600 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.

Аймақ басшысы жаңа медициналық қондырғылардың жұмысын көріп, орталық қызметкерлерімен пікірлесті.

«Ядролық медицина және онкология орталығы – облыстағы ең ірі медициналық мекемелердің бірі. Орнатылған жаңа заманауи жабдықтар медициналық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай жоғары технологиялық қондырғылар дәрігерлер үшін де, емделушілер үшін де аса қажет. Олар ауруларды ерте кезеңде анықтауға, дәл диагноз қоюға және тиімді ем жүргізуге жол ашады», – деді облыс әкімі.

Жалпы, 2025 жылы облыстың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 6 жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 2026-2028 жылдар аралығында стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін 481 медициналық техника сатып алу жоспарлануда. Бұл медициналық техникамен қамтылу деңгейін 95 пайызға дейін жеткізуге, тозу деңгейін 30 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығы заманауи құрылғылармен жабдықталды Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығы заманауи құрылғылармен жабдықталды Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығы заманауи құрылғылармен жабдықталды Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығы заманауи құрылғылармен жабдықталды

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 часа бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС