Шығыс Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының төрағасы Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында қалалық «Нұр Отан» пар-тиясы филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
{jcomments on}Бұл күні облыс әкімі жүзден астам қала тұрғынының талап — тілегін тыңдады. Олардың дені халықты қолжетімді баспанамен, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласы сияқты әлеуметтік мәселелерді көтерді. Қоғамдық қабылдауға келгендердің бір тобы қаланың түрлі салалар бойынша, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік, мәдениет, спорт, құқық қорғау органдары мен коммуналдық тұрғыдан дамуына қатысты мәселелерді қозғады. Барлық өтініштер бойынша азаматтарға түсініктеме және нақтылы жауаптар берілді.
Тиісті басқарма басшылары мен облыс әкімі туындаған сауалдардың шешімін табуы назарға алынатынына уәде берді. Атап айтқанда, Даниал Ахметов қабылдауда көте-рілген мәселелердің жіті бақылауда болатынын атап өтті.
«СТ» — ақпарат