"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮЗДІКТЕР ҮНЕМІ НАЗАРДА

31.03.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұмада Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов дзюдо күресінен үздік нәтижелер көрсетіп жүрген қаламыздың саңлақтары мен жаттықтырушыларын қабылдады. Кездесуге талай тартысты сайыстарда топ жарған Дастан Ықыбаев, Еркебұлан Қосаев және Серіктай Закетаев сынды бозкілем шеберлері мен олардың бапкерлері қатысты.

{jcomments on}Кездесуде спортшыларды халықаралық аренада ел үмітін ақтап, толағай табысқа жеткен жетістіктерімен құттықтаған қала әкімі Айбек Кәрімов алдағы уақыттарда да жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдірді.

— Спорт – ұлттың мақтанышы. Әсіресе олимпиадалық бағдарламаға кірген спорт түрлері ұлттың мәртебесін ерекше көтереді. Соның ішінде дзюдо күресі — әлемдегі ең бір дамып келе жатқан күрес түрі. Дзюдо — үлкен дәстүрі бар күрес. Сондықтан да бұл күресті өздерің қазаққа танытып  және қазақты бүкіл әлемге танытасыңдар. Сендердің жеткен жетістіктеріңе, бағындырған биіктеріңе  өте ризамын, — деді Айбек Мүталапханұлы — Сендер тек Семей жұртын ғана емес, бүкіл қазақ елінің атын әлемге шығарып жүрсіңдер. Біз сендерді өзіміздің мақтанышымыз деп білеміз. Өздеріңе әрқашан да мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін.

Дзюдо күресінен талай додаларда топ жарып, ел намысын қорғап жүрген спортшылар өз кезектерінде ыстық ықылас танытқан       Айбек Мүталапханұлына алғыстарын жеткізіп, алдағы халықаралық деңгейде өтетін сайыстарда қаланың және ел намысын абыроймен қорғауға бар күш-жігерлерін салуға уәде берді. Бұл ретте қала әкімі спортшыларды дайындайтын бапкерлердің де елеулі еңбегін атап өтіп, оларға да нәтижелі жұмыс жасауға тілектестік білдірді.

— Бапкердің жұмысы да оңай емес. Олардың жұмысы тек сендер жеңіске жеткенде ғана көрінеді. Қалған уақытта бұл азаматтардың күнделікті еңбектерін екінің бірі біле бермейді. Сендерді жаттықтырып жүрген бапкерлеріңнің ойлаған ойлары түгел жүзеге ассын. Еңбектеріңіз жемісті болсын, — деді қала басшысы.

 

Басқосуда жаттықтырушылар Таныс Халелов пен Асқар Арқабаев спортшыларға ерекше көңіл бөліп отырған қала әкіміне ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ алдағы дүбірлі додаларда биік белестерді бағындыруға уәде берді. Өз сөзінде шаһар басшысы, спортшыларға жағдай жасалғанда ғана, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын, Семей қаласы дарынды    жастар орталығы екенін, сондықтан да спортты насихаттауды мықтап қолға алу керектігін атап өтті. Спортшылар болса ердің ерлігі     сыналып, елдің елдігі таразыға түскен шақта,  намысты қолдан бермеспіз деп тарасты.

 

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС