"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Заңгер Конституциялық комиссияның отырысында қазіргі Ата заңдағы мағыналық қателерге назар аударды

25.01.2026
Заңгер Конституциялық комиссияның отырысында қазіргі Ата заңдағы мағыналық қателерге назар аударды
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңа Конституцияда терминологиялық алшақтықтарды жою керек – Талғат Нәрікбаев

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев конституциялық мәтіннің тілдік нұсқалардағы бірізділігі мен нақтылығы мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, университет профессорлары мен отандық ғалымдар қауымдастығы Конституцияның мемлекеттік тілдегі мәтінінде бірізді емес терминология, мағыналық бұрмалаулар мен аудармалар арасындағы терминологиялық сәйкессіздік бар екенін ұзақ жылдар бойы көтеріп келеді.

Бұл құқық қолдану тәжірибесінде ұғымдарды әртүрлі пайымдауға жол ашып, конституциялық нормалардың біркелкі орындалуына кедергі келтіреді.

«Мысалы қазіргі Конституцияда «заңды» сөзі 16 рет, «құқылы» сөзі − 5 рет, «құқығы бар» − 27 рет, «құқығы жоқ» − 5 рет, «хақысы жоқ» − 3 рет қолданылған. Бірақ бір ғана сөз бір ғана мағыналық жүк арқалап тұрған жоқ. «құқылы» термині бірде «в праве» орнына, ал бірде «имеет право» орнына қолданылады. Ал «қызмет» сөзі «должность» мағынасында 31 жерде, «деятельность» мағынасында − 37 жерде, «функция» мағынасында − 3 жерде, «служба» мағынасында − 6 жерде қолданылған», − деп атап өтті Талғат Нәрікбаев.

Комиссия мүшесі айтқан тағы бір мысал − Үкімет мүшелерінің жауапкершілігіне қатысты «персонально отвечает» сөз тіркесі болды. Қазақша Конституцияда бұл бір бапта «дербес жауап береді», бір бапта − «жеке-дара жауап береді» деп аударылған.

Сонымен бірге, тұрақты құқықтық конструкция ретінде атау формада берілмеген мысалдар бар. Мәселен: «өмір сүруге құқығы», «ар-ождан бостандығына құқығы». Дұрысы: «өмір сүру құқығы», «ар-ождан бостандығы құқығы» болуы керек.

«Аудармаға байланысты, «общественная нравственность» ұғымы қазақша нұсқасында «қоғамдық имандылық» деп жазылған. Оны «қоғамдық әдеп» деп ауыстыруды ұсынамыз. Бұл түзету мемлекетіміздің зайырлы сипатын нақтылай түседі», − деп толықтырды заңгер.

Спикер Конституциямыздың мәтіндік анықтығы мен бірізділігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, мемлекеттің басқару жүйесінің сапасы мен конституциялық кеңістік тұтастығына әсер ететінін айтуда.

«Сондықтан реформа шеңберінде құқықтық ұғымдарды біріздендіріп, тілдік нұсқалар арасындағы терминологиялық алшақтықтарды жойғанымыз жөн. Бұл Конституция мазмұнын өзгертуді емес, құқықтық дәлдігін күшейтуді білдіреді, Ата Заңымыздың сапасын арттырып, оның нормаларын түсініктірек етеді деп санаймыз», − деп түйіндеді Талғат Нәрікбаев.

#конституциялықреформа #ұлттыққұрылтай

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС