"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУҒА ҮНДЕДІ

03.04.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда елімізде дене шынықтыру мен бұқаралық спорт саласына баса назар аударылуда. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру кеңінен жолға қойылып, бұл бағыттағы мәселелер  мемлекеттің ерекше қамқорлығына алынған. Қазақстанның даму стратегиясында да спортты дамытуға айрықша басымдық берілгені белгілі.

{jcomments on}Соңғы жылдары, республикамыздың өзге өңірлеріндегі тәрізді, аймағымызда да бірқатар дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт алаңдары мен ареналар, хоккей қораптары мен футбол алаңдары пайда болды. Біздің қаламыз да бұл игіліктен шет қалған жоқ. Осыған дейінгі аралықта Семей футболының жүз жылдығына орай “Спартак” стадионы күрделі жөндеуден өтті, жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені, түрлі спорт залдары мен шағын футболға арналған жасанды алаңдар, жаттығу орындары ашылды. Жастарымыз өз денсаулықтарын нығайтуға ерекше ден қоюда. Олардың спортпен шұғылдануы үшін, барынша қолайлы жағдай жасалуда. Бұдан бөлек, бокс, күрес, шығыс жекпе-жегі және өзге де спорттық үйірмелер жоспарлы түрде жұмыс жасап келеді. Спорт саласына келгенде түрлі ұйымдар да белсенділік танытуда.

 

Жуырда елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру мен “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында “Жас Отан” жастар қанаты мен Семей қаласының ММУ студенттері “Жас Отан” — дені сау Қазақстан үшін!” атты акция ұйымдастырды. Осы орайда пікір білдірген “Жас Отан” ЖҚ хатшысы Әбділдәбек Тұрсынов қала жастары арасындағы белсенділіктің артып келе жатқанын айтады.

 

– Қазіргі күні шаһарымыздағы ЖОО мен колледждердің жүз елуден аса студенті Жастар мен балалардың шығармашылық сарайында дене шынықтыру жаттығуларына қатысуда. Біз денеге сергектік пен күш-қуат жинап, жастардың көңілін өздерінің денсаулықтарын нығайтуға аударуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға баса назар аударамыз, — дейді ол.

Осынау шара соңы би мен спорттық өнерлер көрсетілген концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш жүргізушілері спорттық жаттығулар мен дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына пайдасы жайында әңгімелеп берді.

Жастардың бұл бастамасы көңіл қуантады. Расында, еліміздің спорт саласына көңіл бөлуі мемлекеттік басқару саясатының оң нәтижесі екені анық. Ендеше, оның алдағы уақытта да тұрақты жүзеге асуы тиіс. Ал бұл орайда алдағы сәуір айының 26 күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы аса маңызды болып тұр. Бұл ретте семейлік жастар бұл саяси  науқанға қатысуда да сергектік танытып, бір кісідей дауыс беруге қатысатындарын айтады.

Шынар РЫСАКОВА.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС