"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаты — тиімділік пен әділдіктің негізі

26.01.2026
Мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаты — тиімділік пен әділдіктің негізі
75
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды институт. Елдің әл-ауқаты мен тұрақтылығы осы саладағы кәсіби қызметкерлердің еңбегіне тікелей байланысты. Сондықтан меритократия қағидатымен мемлекеттік қызметке тағайындалған мамандар басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

«Merit» латын тілінен аударғанда «құндылық», «жарамдылық», «еңбек», «қабілет» деген мағыналарды білдіреді. Яғни қызметкер өз күш-жігері мен қабілеті арқылы қол жеткізген жетістіктерімен бағалы саналады.

Мемлекеттік қызметте бұл ұғым меритократия қағидасында көрініс табады. Меритократия жүйесі бойынша қызметке тағайындалу тек жеке қабілет пен еңбек негізінде жүзеге асырылып, ішкі конкурс, ішкі ауысу тәртібі және бағалау жүйесі арқылы олардың кәсіби деңгейі мен еңбек жетістіктері ескеріледі. Бұл жүйе қызметке қабілетті және білікті адамдарды тартуға мүмкіндік берсе, қызметтегі тағайындаулар тек тұлғаның құндылықтары мен нәтижелері бойынша жасалады.

2025 жылы Абай облысының жергілікті атқарушы органдарында меритократия қағидаты бойынша 120 мемлекеттік қызметші тағайындалды.

Оның ішінде ішкі конкурстар нәтижесінде 63 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға тағайындалды (облыс орталығында – 22, аудандық деңгейде – 38, ауылдық деңгейде – 3 қызметкер).

Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы тоқсан сайын бағаланып, жыл соңында қорытынды бағалау шығарылады. Бұл жүйе қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындау деңгейін объективті түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау нәтижелері қызметкерлерге бонустар беру, көтермелеу, оқыту, ротациялау, лауазымын жоғарылату немесе қызметтен шығару сияқты шешімдер қабылдауға негіз болады.

Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер 4 тоқсан бойы тиімді қызмет атқарған жағдайда жоғары лауазымға тағайындалуға мүмкіндік алады. Бағалау нәтижелері бойынша 31 қызметкер өз лауазымынан бір саты көтеріліп, жоғары лауазымдарға тағайындалды. Олардың арасында 3 облыстық басқарманың басшылары, 2 облыстық басқарма басшысының орынбасарлары, аудан әкімінің орынбасары және басқа да орта буын басшылары бар.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар ішіндегі ауысу тәртібі бойынша қызметшілердің жеке қасиеттері мен кәсіби жетістіктеріне сүйене отырып, кемінде екі жыл бойы атқарып отырған лауазымынан жоғары лауазымға көтерілу мүмкіндігі қарастырылған. Мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді тиімді әрі сапалы орындауы айрықша рөл атқарады. Осы тәртіппен 26 қызметкер өз лауазымынан бір деңгейге жоғарылады.

Аталған тағайындау, Мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.

Меритократия қағидаты мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, оның тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл қағида әр қызметкерге тең мүмкіндік беріп, тек біліктілігі жоғары кәсіби мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға жол ашады.

Мемлекеттік қызметтегі меритократия ел басқару жүйесін нығайтуға, қызмет сапасын арттыруға және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін күшейтуге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

22 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС