"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗПОЧТА ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

03.04.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі күні «Қазпочта» акционерлік қоғамы Семей қалалық филиалының бас ғимаратында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған басқосу өтті. Жиынға «Мәңгілік Ел» тәрбие — білім беру орталығының директоры Рафаэль Дәуітбаев, қала әкімдігінің өкілдері, пошта қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында стратегиялық құжаттың ел экономикасын алдағы уақытта дамыту үшін қажетті бағдар берудегі мән — маңызы мен басты бағыттары туралы айтылды.

{jcomments on}«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың негізгі мақсаты еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, нығайту болып табылатыны айтылған. Жиында аталмыш стратегиялық құжаттың мән — мазмұны жайлы толыққанды мағлұматқа қанығудың зор мәнге ие екендігі де сөз болды. Осы ретте кездесуге қатысушыларға өңірімізде арнайы ақпараттық — насихат топтары құрылып, Жолдауды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жиын барысында бірінші болып сөз кезегін алған «Мәңгілік Ел» тәрбие — білім беру орталығының директоры Рафаэль Дәуітбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың жариялануы дер кезінде қабылданған еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін үлкен мәні бар шешім деп білетінін тілге тиек етті. Стратегиялық құжаттың қазіргі таңда туындап отырған жаһандық қауіп-қатерлерге берілген лайықты жауап екенін атап өтті. Сондай-ақ «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясат бағдарламасы жаһандық қаржылық дағдарыстың теріс ықпалының деңгейін төмендетуге негіз болатын нақты шараларға құрылған бірегей жоспар екенін де жеткізді.

 

— Жолдаудың басында біздің еліміздің әлемдік аренадағы геосаяси үдерістер орын алып жатқан  аймақта тұрғаны, мұның тигізер әсері туралы айтылған. Осы ахуалдың ықпалынан мұнай бағасының арзандауы қиындықтар тудыруы мүмкін екені ескерілген. Қалыптасқан жағдай жаңа экономикалық бағдарламаны әзірлеп, жариялауға түрткі болды. Әлемдік дағдарысқа қарамастан, елімізде инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік саясат аясында өзге де маңызды міндеттерді атқару туралы тапсырманың берілуі — көңіл қуантарлық жайт. Осының өзі Қазақстанның әлемдік қаржылық жүйеде туындаған қиындықтың қай-қайсысын болмасын еркін еңсеруге мүмкіндігі мен әлеуеті толық жетіп тұр дегенді білдіреді,- деді «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталығының директоры. Сондай-ақ ол дүниежүзі экономикасы бетпе-бет келіп отырған қауіп-қатерлерден кідірмей өтуге еліміздің Тәуелсіздік алған уақыттан бері жинаған ұлттық қордағы қаражат септігін тигізіп жатқанын  да атап өтті.

 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың мән-маңызы жайлы айта келе, Рафаэль Дәуіт-баев еліміздің дамуына серпін берерлік мүмкіндіктер пайда болғандығын және оларды тез арада кәдеге жарату қажеттігіне тоқталды. Ең бастысы, барлық азаматтардың өздерінің белсенділігін арттырып, стратегиялық құжаттағы мақсат-міндеттердің нәтижелі жүзеге асырылуына атсалысуы үлкен мәнге ие екенін сөз етті. Басқосу соңында ойын түйіндей отырып, «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталығының директоры жиналған қауымды алда келе жатқан саяси науқан – кезектен тыс Президент сайлауына белсенді түрде қатысып, дауыс беруге шақырды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС