"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жаңа Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа ережесін белгілейді – сарапшы

31.01.2026
Жаңа Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа ережесін белгілейді – сарапшы
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде заң ғылымдарының докторы, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Аубакирова Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның мәні, жаңа Конституцияның қоғам өміріне әсері және билік жүйесіндегі өзгерістер туралы ойымен бөлісті.

– Қазақстан бүгінде ауқымды өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатыр. Осы тұста қоғам жаңа Конституцияны қабылдауға дайын деп айтуға бола ма?

– Конституция не үшін қажет деген сұрақты қойған кезде, ең алдымен қандай қоғам құрғымыз келетінін, қандай мемлекетте өмір сүргіміз келетінін және болашақ ұрпақ қандай елде өмір сүретінін ойлауымыз керек. Қоғам бір орында тұрмайды, уақыт өткен сайын күрделене түседі, құндылықтар мен талаптар өзгереді. Конституция осы өзгерістерді ескеріп, қоғам дамуының бағытын айқындайды.

– Жаңа Конституция қабылдау қажеттігі ел дамуының қазіргі кезеңімен байланысты деп айтуға бола ма?

– Иә, бұл – заңды үрдіс. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан үлкен жолдан өтті. Отыз жыл бұрын өзекті болған мәселелер бүгінгі қоғамның сұранысына қазір толық жауап бере алмайды. Конституция қазіргі заманның негізгі құндылықтарын – білімге, ғылымға, инновацияға, еңбекке, экологиялық мәдениетке деген көзқарасты көрсетуі тиіс. Қоғам уақыт өткен сайын өзгереді, адамдардың талап-тілегі де артады. Конституция сол өзгерістерге жауап беруі керек.

– Қоғамда мемлекеттік билікке деген сенімді арттыру мәселесі жиі көтеріледі. Жаңа Конституция бұл тұрғыда қандай рөл атқарады?

– Конституциялық жаңғырудың басты мақсаты – билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңаша қалыптастыру. Бұл арақатынас уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Конституция азаматтарға өз құқықтарын қорғаудың тетіктерін береді. Азамат әділетсіз заңды Конституциялық сотта даулауға, мемлекеттік органдардың шешімдеріне әкімшілік сот арқылы шағымдануға мүмкіндік алады. Мұның бәрі билікке деген сенімді күшейтеді.

Конституция – жылына бір рет еске алатын мерекелік парақ қағазы емес. Ол – бүкіл заңнаманың негізін қалайтын, оның бағытын айқындайтын басты құжат. Ал заңдар біздің күнделікті өмірімізге тікелей әсер етеді. Конституция азаматтар арасындағы, азамат пен мемлекет арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өз ішіндегі қарым-қатынастың ортақ ережесін белгілейтін ортаж ереже.

– Реформа аясында билік құрылымына бір палаталы парламент – Құрылтай, Қазақстан Халық Кеңесі сияқты өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер халықтың шешім қабылдауға қатысуына қалай әсер етеді?

– Азаматтың билікке сенімі оның қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігімен тікелей байланысты. Жаңа Конституция осындай мүмкіндіктерді кеңейтеді. Парламент пен жаңа диалог алаңдары халықтың пікірін жеткізудің тиімді тетігіне айналады. Мысалы Қазақстан Халық Кеңесі қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының өкілдерін қамтып, заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болады.

– Мұндай құрылымдар заң шығару үдерісін күрделендіріп жібермей ме?

– Керісінше, бір палаталы парламент заң шығару жұмысын жеңілдетіп, ашық етеді. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі арнайы заңмен реттеледі. Бұл құрылымдар болашақта азаматтардың саяси құқықтарын қорғайтын демократиялық сипатта жұмыс істейді.

– Партиялық жүйеге қатысты да өзгерістер бар. Бұл жаңашылдықтарды қалай бағалайсыз?

– Қазақстан қоғамы саяси тұрғыдан жетілді. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялар арасындағы бәсекені күшейтеді. Сол кезде күрес жеке тұлғалар арасында емес, идеялар мен бағдарламалар арасында да жүреді. Әр сайлаушының дауысы бұрынғыдан да маңызды бола түседі.

– Қалай ойлайсыз, партиялар бұл жауапкершілікке дайын ба?

– Қазақстандағы партиялардың қалыптасқан тарихы мен тәжірибесі бар. Пропорционалды жүйе дамыған қоғамдарға тән. Қазақстан дәл осындай кезеңге жетті. Идеялар бәсекесі саяси мәдениеттің өскенін көрсетеді.

– Қоғамда Конституция тым қысқа мерзімде дайындалып жатыр деген алаңдаушылық бар. Бұл қаншалықты орынды?

– Бұл пікірмен келісу қиын. Конституцияға қатысты негізгі ұсыныстар жарты жыл бұрын талқылана бастады. Азаматтар мен ұйымдардан 2 мыңнан астам ұсыныс түсті. Конституциялық комиссияның жұмысы ашық өтті, қызу пікірталастар болды.

– Сұхбатымызды қорытындыласақ, Конституцияның преамбуласы қандай маңызға ие?

– Преамбула – құқықтық емес, еліміз үшін рухани әрі құнды құжат. Онда қоғамның бүгінгі болмысы, болашаққа деген ұмтылысы көрініс табады. Қазіргі кезеңде біз үшін маңызды саналатын құндылықтар Конституцияда айқын көрсетілді. Бұл – қоғам дамуының жаңа сатысын білдіреді деп санаймын.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС