"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.02.2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Шалқар Байбеков облыстық мәслихат депутаттары, аудан және қала мәслихаттарының төрағаларымен кездесу өткізді.

Кездесу Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформа аясында ұйымдастырылып, жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттарын талқылауға арналды.

Шалқар Байбеков Конституциялық комиссияның жұмысы барысында қолданыстағы Конституцияның елеулі бөлігі қайта қаралғанын, соның нәтижесінде Ата Заңның жаңа редакциясын әзірлеу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Жаңа жоба ашық форматта дайындалып, азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен екі мыңнан астам ұсыныс негізінде қалыптастырылған.

Оның айтуынша, құжат құқықтық нормалармен қатар, құндылықтық тұрғыдан да жаңартылған. Адам құқықтарының басымдығы күшейтіліп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері кеңейтіледі. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі өкілеттіктер мен жауапкершілік нақты айқындалады.

Кездесу барысында депутаттар да өз пікірлерін білдірді. Облыстық мәслихат депутаты Съезбек Ахметовтің пікірінше, реформаның ашық талқылануы – халық үнінің естілуіне мүмкіндік береді: «Елімізде ауқымды реформа басталды. Бүгін Конституциялық комиссияның мүшесі, Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков депутаттарды жинап, кездесу өткізді. Ол Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістер туралы жан-жақты баяндады. Бұл үдеріс алдағы уақытта еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Себебі жаңа Конституция жобасы кеңінен талқылауға шығарылып, халықтың пікірін ескеруге бағытталған. Әзірге бұл — алғашқы жоба, түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Сондықтан бұл өзгерістер еліміздің болашағын, халықтың мұқтажын ескеретін, демократиялық бағыттағы жаңғыруға жол ашады деп сенемін».

Жарма ауданы мәслихатының төрағасы Мейрхан Оспанбаев ұсынылып отырған өзгерістер уақыт талабына сай екенін атап өтіп, депутаттардың ұсыныстары комиссия деңгейінде ескерілетініне сенім білдірді.  «Шалқар Байбековтің төрағалығымен өткен жиында Конституцияның алғашқы жобасы таныстырылды. Бұл – уақыт талабына сай, қоғам дамуына сәйкес жасалып отырған маңызды қадам. Қазіргі таңда бұл мәселе ел көлемінде қызу талқыланып жатыр. Халық болып, бір кісідей бақылап отырмыз. Парламенттік жүйеге де жаңа өзгерістер енгізілуде. Бүгін өз тарапымыздан ұсыныстарымызды айттық, олардың ескерілетініне сенімдіміз. Комиссия мүшелеріне алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін».

Ал Бесқарағай ауданы мәслихатының төрағасы Мейрамгуль Абылгазинова реформалар ғылым, білім, мәдениет және өзге де маңызды салаларды қамтып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған: «Бүгін облыстық мәслихатта Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістер талқыланды. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттары өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Алғашқы редакцияның өңірлерге жолдануы – қоғаммен ашық диалогтың нақты көрінісі. Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбековтің Конституциялық комиссия құрамына енуі – үлкен сенім әрі жауапкершілік. Сондықтан бүгін айтылған барлық пікір мен ұсыныстар орталық деңгейде естіледі деп ойлаймыз. Бұл – бір күндік талқылау емес. Конституцияның шамамен 84 пайызына өзгеріс енгізіліп отыр, яғни қоғам өмірінің барлық маңызды саласы қамтылған. Осы өзгерістер Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған оң жаңғыру болады деп сенеміз».

Жиын қорытындысында Конституциялық реформаны іске асыруда өкілді органдардың жүйелі әрі үйлесімді жұмыс жүргізуінің маңыздылығы атап өтіліп, бұл бағыттағы талқылауларды өңірлік деңгейде жалғастыру ұсынылды.

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС