"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЮДЖЕТКЕ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

10.04.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Айбек Кәрімов, Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов, дербес бөлімдердің, әртүрлі мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде төрт мәселе талқыланды.

{jcomments on}Бірінші кезекте Семей қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы өткен жылдың 23 желтоқсанында қабылданған шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланды. Аталмыш сұрақ бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндама жасады. Гүлжан Қайырханқызы қала қазынасының көлемінің өзгеруі жайлы айта келе, трансферттер мен кредиттер сомасына тоқталды.

— Республикалық бюджет есебінен қала бюджетіне аударылатын трансферттер  отыз бес миллион қырық мың теңгеге артты. Бұл қаражат мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді шектеуге, Суық бұлақ кентіндегі тұрғын үй құрылысын электр қуатымен қамтамасыз етуге, Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге жұмсалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен мақсатты трансферттер көлемі жүз он бір миллион жиырма бес мың теңгеге көбейді, — деді экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен берілетін кредиттер сомасы бір миллиард сегіз жүз жетпіс төрт миллион алты жүз отыз тоғыз мың теңгеге артқанын айтты. Аталған қаражаттың бір миллиард сегіз жүз жиырма төрт миллион алты жүз отыз тоғыз мың теңгесін сумен қамтамасыз ету және су қайтарғыш жүйелерін салу және қайта құруға, елу миллион теңгесін Байсалықов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй құрылысына бөлу жоспарланып отырған көрінеді.

 

Баяндамасында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметкер» функционалдық тобы бойынша қала қазынасының шығындар көлемін отыз бір миллион тоғыз жүз он бес мың теңгеге қысқарту көзделгенін жеткізді. Соның ішінде жекелеген бағдарламалар бойынша қаржылық өзгерістерге нақтырақ тоқталды. Қала бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты мәліметтерді тыңдағаннан кейін депутаттар ұсынылған шешім жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

 

Сондай-ақ сессияда қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов Семей қаласы мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы «Салықтың базалық ставкаларын түзету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану мәселесі бойынша баяндама жасады. Ақпаратты тыңдағаннан кейін халық қалаулылары ұсынылған шешім жобасын мақұлдады. Содан кейін үшінші кезектегі сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерінен босату және төртінші сайлау комиссияларының шығып кеткен мүшелерінің орындарына мүшелер сайлау туралы мәселелер қарастырылды. Бұл сұрақтар бойынша да қалалық мәслихат хатшысы мәлімет беріп өтті. Ақпаратқа қаныққан соң халық қалаулыларының барлығы осы екі мәселе бойынша да ұсынылған шешімдер жобаларын бірауыздан қолдап дауыс берді.     

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

33 минуты бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

34 минуты бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

35 минут бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

36 минут бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

37 минут бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

38 минут бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

39 минут бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

41 минута бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

42 минуты бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

43 минуты бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС