"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

03.02.2026
ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді кешенді жаңғыртуға бағытталған. Құжат кәсіпкерлер мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуді, салық жүктемесін оңтайландыруды, есептілікті қысқартуды және бизнесті заңдастыруды көздейді.

Жаңа кодекске сәйкес экономиканың түрлі секторлары үшін сараланған салық мөлшерлемелері енгізіледі. Арнайы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылып, салық органдарының жұмысы сервистік модельге көшеді. Салықтық бақылау толық цифрландырылып, салық есептілігі нысандары 30%-ға қысқарады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова баяндады.

— Жеке тұлғалар үшін бірқатар маңызды өзгеріс қарастырылған. Мұрагерлік пен елден тыс жерлерге шығу жағдайларын қоспағанда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады. Жеңіл автомобильдерге салынатын көлік салығы пайдалану мерзіміне қарай 30%-дан 50%-ға дейін төмендетіледі. Сондай-ақ 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда өндірілген немесе еліміздің аумағына әкелінген қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдерге қатысты жекелеген мөлшерлемелер алынып тасталды, — деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар I және II топтағы мүгедектер үшін әлеуметтік салық шегерімі 882-ден 5000 АЕК-ке дейін, ал стандартты салық шегерімі 14-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Аграрлық секторды қолдау аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% төмендетілген салық мөлшерлемесі сақталып, ҚҚС-ты есепке алу үлесі 70%-дан 80%-ға дейін артты. Шағын және орта фермерлік шаруашылықтарға арналған арнайы салық режимдері қолданыста қалады.

— Камералдық бақылау ескерту сипатында жүргізіледі. 20 АЕК-ке дейінгі берешек кезінде банк шоттары бұғатталмайды, ал 1500 АЕК-ке дейінгі берешек бойынша кейінге қалдыру үшін кепіл талап етілмейді.

Бұдан бөлек, бірқатар есептілік міндеттемелері жойылды. Жекелеген қызмет түрлеріне арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлем алынып тасталды. Сондай-ақ заңды тұлғалармен көлік және жер салығы бойынша тоқсан сайынғы ағымдағы төлемдер есептерін ұсыну міндеті жойылды. Мүлік салығы бойынша объектінің құны 300 АЕК-тен аспаған жағдайда, ағымдағы төлемдер есептері табыс етілмейді, — деді Әсем Тұрлыбекова.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруды ынталандыратын нормалар бойынша салық жеңілдіктерін қолдану шарттары мен тәсілдерін де атап өтті.

2026 жылдан бастап арнайы салық режимдеріне көшу тәртібі өзгертіледі. Белгіленген мерзімде хабарлама ұсынылмаған жағдайда, жекелеген санаттағы салық төлеушілер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылады

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

4 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

4 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС