"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚСЗИ директоры: сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдады

03.02.2026
ҚСЗИ директоры: сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдады
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдап отыр. Азаматтар сондай-ақ ұсынылған өзгерістерден жеке әл-ауқаты мен жалпы өмір сүру сапасының жақсаруын күтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында хабарлады.

Жандос Шаймарданов ауқымды реформа бойынша жұмыс 2025 жылдың қазан айында басталғанын және азаматтардан тікелей кері байланыс алумен қатар жүргенін еске салды.

Мәселен, Конституциялық комиссияның жұмысы басталған кезде азаматтар, заңгер-ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялардан және үкіметтік емес ұйымдардан 2 мыңнан астам бастамашыл ұсыныстар келіп түскен.

ҚР жаңа Конституциясы жобасының ашық жариялануы да еркін қоғамдық пікірталасқа ұласты. eOtinish платформасы арқылы өтініштер әлі де түсіп жатыр. Олардың саны 4 мыңнан асты.

«Азаматтардың сұрақтарымен бастамаларын тұтастай алғанда үш негізгі бағыт бойынша топтастыруға болады, олар жүргізіліп жатқан реформаның сындарлы және оң қабылданып жатқанын көрсетеді», – деп атап өтті ҚСЗИ директоры.

Оның айтуынша, қоғамда Ата заңды қабылдау тұрғысында көзқарас өзгеріп келе жатқаны байқалады. Мәселен, азаматтардың едәуір бөлігі үшін Конституция билік органдарының өкілеттіктерін реттейтін заңды құжат ретінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің құндылық бағдарларын, даму принциптерін белгілейтін негіздемелік мәтін ретінде қабылданып отыр.

«Азаматтардың өтініштеріне қарасақ, олар конституциялық нормалардың қолданбалы маңызы болады, күнделікті өмірге, әлеуметтік әділеттілікке және мемлекеттік шешімдердің сапасына әсер етеді деп күтуде», – деді Жандос Шаймарданов.

Ол ұсыныстардың екінші топтамасында құқық пен әділеттіліктің үстемдігі қағидаттарын нығайтудың, сондай-ақ институттарға деген сенім мен бәрінің заң алдындағы теңдігінің негізі ретінде «Заң және Тәртіп» тәсілін дәйекті түрде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілгенін айтты.

«Азаматтардың едәуір бөлігі үшін Ата Заң адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын қалай бекітіп, оларды қорғаудың түсінікті және бірыңғай ережелерін қалыптастыратыны шешуші мәнге ие. Конституция бұл тұрғыда жеке бас бостандығы мен ұлттық мүдделер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады», — деді ҚСЗИ директоры.

Сонымен бірге ол мүдделер теңгерімі мәселесі халықты адам құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнама тұрғысынан да толғандыратынын айтты.

«Сондай-ақ бірқатар азаматтар мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы мәселеге назар аударуда. Жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде нақты бекітілген», — деп атап өтті Жандос Шаймарданов.

ҚСЗИ директорының айтуынша, пікірталастың тағы бір бағыты – мемлекет пен білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекіту.

«Көптеген жылдар бойы қоғамда діннің мемлекеттен институционалдық тұрғыда бөлуге деген сұраныс қалыптасты. Бұл сұранысқа жауап ретінде Конституция дінді мемлекеттен бөлуді ұсынады», – деді ол.

Жаңа Конституцияның жобасында зайырлылық ғылымға, инновацияға және адами капитал қалыптастыруға басымдық беретін заманауи білім беру жүйесін дамытудың қажетті шарты ретінде белгіленді.

«Қоғамдық пікір» институты жариялаған әлеуметтану зерттеуінің нәтижелері сауалнамаға қатысқандардың 79%-ы жүргізіліп жатқан реформаларды уақтылы деп санайтынын көрсетіп отыр. Азаматтардың едәуір бөлігі конституциялық өзгерістерді жеке әл-ауқат пен өмір сапасының жақсаруымен тікелей байланыстырады. Респонденттердің 65%-ы ұсынылған өзгерістер олардың өміріне оң әсер ететініне сенеді», – деді Жандос Шаймарданов.

Оның айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі – респонденттердің 78%-ы конституциялық реформаға қолдау білдірген.

«Тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, конституциялық реформа азаматтарды кеңінен тартуға және қоғамдық қолдауға негізделген», — деп қорытындылады ҚСЗИ директоры.

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС