"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

10.04.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде еліміз бойынша Қазақстанда жасалған өнімді қолдауға ерекше басымдық берілуде. Осы орайда жуырда кәсіпкерлер палатасы филиалы мен жергілікті БАҚ өкілдері Семейдегі ғана емес, Шығыстағы іргелі кәсіпорын «Восток Бройлер» ЖШС—де болып, қазіргі тыныс—тіршілігіне қанықты.

{jcomments on}Кәсіпорынға келген қонақтарды мұндағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырған серіктестік директоры Дәурен Айсариев өндірістегі жаңа инновациялық технологиялар игілігі жайында жан-жақты түсінік беріп өтті. Оның сөзіне сүйенсек, қазір мұнда 360 адам еңбек етуде. Ал сою алаңында 90 адам жұмыспен қамтылған. Барлығы да семейлік тұрғындар. Даярланған өнімдер, негізінен, ішкі нарыққа шығарылады екен. Мәселен, Астана, Алматы, Өскемен қалаларына қоса, жуырда ел батысындағы облыстарға да өнімнің жаңа партиясы жол тартыпты. Алайда Ресейге тауар экспорттау мәселесі қазір баяулаған. Себебі рубль бағамының құлдырауы тиімсіздік әкелген. Дегенмен көрші елдің Томск, Новосібір, Барнауыл сынды қалалары, негізінен, қазақстандық өнімге деген сұранысты арттыра түскен. Оның себебі бізде табиғи таза өнімдер ғана өндіріледі. Бір дәлел ретінде жуырда ғана халықаралық «Халал» стандартына көшіп, арнайы сертификат иеленгенін айтуға болады.

— Қазіргі күні бізде 370 мың бас ет бағытындағы құс өсірілуде. Жұмыс орны толығымен автоматтандырылған. Құстарға тек табиғи таза жем ғана беріледі. Арнайы микроклиматтың сақталуы мен түрлі химиялық қоспалар қосылмауы себепті тауық етінің өзіндік ерекше дәмі бар. Бұл жағынан көрші елдерден келетін сапасыз өнімдерден сапасы анағұрлым жоғары тауар өндіретінімізді сеніммен айта аламын, — дейді «Восток Бройлер» ЖШС директоры Дәурен Ыдырысұлы.

 

Қазіргі әлемді кезіп жүрген экономикалық дағдарыс жағдайына қарамастан, кәсіпорын өз жұмыс орнын кеңейтуді көздеуде. Атап айтсақ, сағатына 4000 бас құс соя алатын қуатты  цех салуды жоспарлауда. Жалпы, бүгінгі күні мемлекет қолдауына сүйеніп отырған жай бар. Себебі өндірілген өнімге арнайы субсидия бөлінеді екен. Әйтсе де ең маңыздысы тұтынушының қолдауы екені сөзсіз.

 

— Бұл ретте ел тұрғындары іргелес мемлекеттерден әкелінетін өнімдердің сапасы төмендігін, тіпті салмонеллез сынды қауіпті ауру қоздырғыштары бар екендігін жақсы біліп қалды. Мәселен, құс еті мен терісінің арасына шприцпен су жіберіп, алаяқтық жасайтындар ісі қазіргі күні министрлік деңгейінде қозғалуда. Сондықтан да жергілікті, қазақстандық өнімдерді ғана тұтынған дұрыс, — дейді мұндағы қызметкерлер.

Сондай-ақ кәсіпкерлер  палатасы филиалының директоры Ардақ Әділжанов кәсіпорындағы сою цехын аралап шығып, ондағы еңбек етіп жатқан жұмысшылармен жүздесті. Мұнда құс еті салынған қаптама сыртына «Әр дауыс маңызды!» деген жапсырмалар жапсырылуда.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

11 часов бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

5 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

6 дней бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

6 дней бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

7 дней бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

7 дней бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС