"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІНЕ АЛҒЫСЫМ ЗОР

08.01.2014
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мен, Ауған соғысының ардагері ретінде көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрған едім. Осы уақытқа дейін қалада қанша әкім болса, солардың барлығына жағдайымды айтып барғаныммен, шығарып салма сөз бен құрғақ уәдеден ары жағдайымды жүрекпен сезініп, көмек берген басшы болмады. Бірінші кезекте пәтер кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ауған соғысына қатыс-қан интернационалист жауынгерлерге, көпбалалы жанұяларға пәтер бөлінеді дегенмен, іс жүзінде сол тәртіптің сақталатынына күмәнмен қарай бастағанымды жасырмаймын. Қала ішінде пәтер жалдап тұру отбасы мүшелерінің қатары толыққан сайын қаншалықты қиын екендігін мен сияқты пәтер ауыртпалығын бастан кешкен адам ғана түсінер. Осылайша, пәтерлі болу жайлы арманым орындалмай, үміттің жібі үзіле бастағанда, биылғы Жаңа жыл қарсаңында үлкен қуанышты хабар жетті. Қала әкімі Айбек Кәрімов жаңадан пайдалануға берілген, “Энергетик” кентіндегі үйден  менің жанұяма пәтер бөліпті. Осы уақытқа дейін қалаға басшылық жасаған әкімдердің  немқұрайлылығынан көңілім қалғандықтан  ба екен кім білсін, әйтеуір, біз сияқты қарапайым адамдарға пәтер әділдікпен бөліне қояды дегенге сенуден қалған едім. Сол атқарушы билікке деген  жоғалған сеніміміз қайта оянып, Жаңа жыл күні тілек айтқан жанұя мүшелерім мен     туған туыстарымыз адам тағдырына түсіністікпен қарайтын, халыққа жақын әкім Айбек Кәрімовке разылықтарын білдіріп, қарт ата — анам сырттай ақ баталарын беріп жатты.

Бүгінгі таңда қаламыздың көркейіп, көп қабатты  үйлердің көптеп салынуы, жылдар бойы  қараусыз қалған жолдардың жөнделуі, көшеміздің жарықтандырылуы сияқты жарқын істердің жергілікті атқарушы биліктің жұмысының нәтижесі екендігі белгілі. Ал, «Қолжетімді  баспана — 2020» бағдарламасының Семей қаласында шын мәнінде мұқтаж жандарға әділдікпен бөлінетіндігіне осылайша көзім жетіп, өзім сияқты пәтер ауыртпалығын бастан кешкен жанұяларға, жақсылықтан үміттеріңізді үзбеңіздер, халықтың жағдайын ойлайтын азаматтың амандығын тілейік дегім келеді.

 

Алдағы ақпан айында кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толады. Ба- йырғы қаруластарым да қала басшысының маған пәтер беру жөніндегі шешімін зор ризашылықпен қабылдауда. Мен өзімнің және жанұямның атынан Айбек Мүталапханұлына атқарып отырған игілікті істеріңіз халықтың тарапынан лайықты  бағасын алып, абырой биігінен көрсетсін дегім келеді.

Талғат ДҮЙСЕНБЕКОВ,

интернационалист  жауынгер.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

9 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

9 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

9 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

9 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

9 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

9 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

9 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС