"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeitany.kz — Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жүзеге асып жатқан ірі жобалар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Өткен жылы облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері оң өсім көрсетті. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жетіп, инвестициялар көлемі 616,2 миллиард теңгені құрады. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік салаларында тұрақты даму сақталды.

Қазіргі уақытта өңірде «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы, Семей қаласында жаңа жылу электр орталығын салу, жел электр станциясын іске қосу және тау-кен байыту комбинатын ашу бағытындағы ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Облыста жалпы құны 4,4 триллион теңгені құрайтын 112 инвестициялық жоба қалыптастырылған. Биыл олардың 41-ін іске асырып, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Сонымен қатар Семей қаласында арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған жобалардың бірі – «ЕвразияАгроСемей» ЖШС базасында салынып жатқан ет комбинаты. Оның құны 7,7 миллиард теңгені құрайды.

Өнеркәсіпті дамыту мақсатында Семейдегі «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағы 96 гектардан 190 гектарға дейін кеңейтілді. Ал Мақаншы ауданында агроөнеркәсіптік кешенге бағытталған өңірлік индустриялық аймақ құрылуда.

Туризм саласында да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Былтыр өңірде 8,9 миллиард теңгеге төрт туристік жоба іске қосылса, жағалау инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаржы көлемі биыл 15,4 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде электр желілерін тарту мен Үржар әуежайының терминалын қайта жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 11,6 миллиард теңге қарастырылған.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 24,9 миллиард теңгені құрайтын 32 жоба іске асырылды. Соның нәтижесінде бұрын ауыз су мәселесі шешілмеген елді мекендер сумен қамтылды.

Семей қаласында салынып жатқан төрт жолақты жаңа көпір құрылысы да қарқынды жалғасуда. Сонымен қатар «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің өңірлері мен ұлттық компаниялардың қолдауымен әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандар бой көтеруде.

Өңірде жүзеге асырылып жатқан «Қаладан ауылға» жобасы бойынша жыл соңына дейін 500 отбасын ауылдық жерлерге қоныстандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 187 отбасы немесе 605 адам ауылдық елді мекендерге көшіп барған.

Сессия барысында облыстық бюджеттің орындалуы, өңірді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы, денсаулық сақтау, экология, тұрғын үйді жаңғырту және әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты бірқатар маңызды мәселелер де қаралды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС