"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында алимент өндіру жұмыстары күшейтілді

09.02.2026
Абай облысында алимент өндіру жұмыстары күшейтілді
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында алимент өндіру мәселесі бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар (ОПМ) өткізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде алимент бойынша берешегі бар борышкерлер анықталып, олардың көпшілігінде бірнеше мың теңгеден бастап қомақты қарыз жинақталғаны белгілі болды. Қазіргі таңда борышкерлерге қатысты заң аясында айыппұл салынып, мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Бұл туралы Абай облысы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Мағжан Есенбаев кеңінен түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, алимент өндіру бойынша сот бұйрығы немесе атқарушылық құжат борышкердің тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша жеке сот орындаушысына тапсырылады. Осыдан кейін заңнамаға сәйкес өндіріп алу рәсімі басталады.

* Егер борышкер ресми түрде жұмыс істемесе, алимент бойынша берешек Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшеріне сүйене отырып есептеледі. Бұл норма алимент төлеуден жалтарудың алдын алуға бағытталған. Алимент берешегі бар азаматтарға қатысты бірқатар мәжбүрлеу шара қарастырылған. Атап айтқанда, борышкердің банктік шоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салынуы мүмкін. Сонымен қатар елден шығуға уақытша шектеу қою, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығын шектеу шаралары да қолданылады, — деп атап өтті спикер.

Тараптар өздеріне бекітілген жеке сот орындаушысы туралы мәліметті бірнеше жолмен ала алады. Атап айтқанда, ADILETGOV мобильді қосымшасы арқылы, ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтындағы жеке сот орындаушыларының тізілімінен немесе тұрғылықты жері бойынша Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына жүгіну арқылы қажетті ақпаратты білуге мүмкіндік бар.

— Алимент төлеуден жалтарғаны үшін заңнамада қатаң жауапкершілік көзделген. Сот орындаушысының талаптарын орындамаған жағдайда борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға жіберу немесе әкімшілік қамауға алу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал алимент төлеуден қасақана әрі ұзақ уақыт бойы жалтарған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда айыппұл салу, түзеу жұмыстарына тарту, бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған. Сонымен бірге, борышкерге қатысты елден шығуға, көлік жүргізуге тыйым салу және мүлкін тәркілеу секілді қосымша мәжбүрлеу шаралары да қатар қолданылуы мүмкін, — деді Мағжан Есенбаев.

Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының мәліметінше, алимент өндіру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, балалардың заңды құқықтарын қорғау басты басымдық ретінде қала береді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС