"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ATAMNYN AMANATY» ҰЙЫМЫ -ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ

09.02.2026
«ATAMNYN AMANATY» ҰЙЫМЫ -ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылғы  05 қаңтарда «Түркістан» газетіне берген сұқбатында «Әскери қызметтің абырой-беделін көтеру және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру – мемлекеттің басты басымдығының бірі. Қарулы Күштерімізді технологиялық тұрғыдан жаңғырту жұмысы қарқынды жүргізіле бастады. Былтыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілген әскери шеруді шетелдік саясаткерлер мен әскери қайраткерлер жоғары бағалады, бұл іс-шара армиямыздың заманауи қару-жарақпен және техникамен, соның ішінде Қазақстанда жасалған өнімдермен толық жабдықталғанын, сондай-ақ, әскери қызметшілеріміздің дайындығы өте жақсы екенін айқын көрсетті» деген болатын.

«Atamnyn Amanaty» ұйымының миссиясы — тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығын арттыру, жастарға рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбие беру және осы бағытта мемлекетке барынша қолдау көрсету. Қазақстан сол соғыста хабар-ошарсыз кеткен азаматтарын іздеуші әлемдегі санаулы мемлекеттердің қатарынан. Майданға кетіп, із-түзсіз жоғалғандардың саны 271 мыңнан асады. Бұл шаруамен 2019 жылдың 19 мамырында құрылған «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі айналысады. Содан бері ұйымның ресми сайты, әлеуметтік желілері және байланыс телефондары арқылы хабарсыз кеткендерді іздестіруге 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 4500-ден астам қазақстандық жауынгерлердің жерленген жерлері мен жеке бастарын анықталды. Майдан даласынан табылған 23 сарбаздың сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, әскери құрметпен салтанатты түрде жерленді.

Далалық қазба жұмыстарын жүргізуде біздің ұйымның біршама тәжірибесі бар. Біздің еріктілер жасағы Ресейдің Калуга облысы аумағындағы «Батыс майданы. Варшава тас жолы» халықаралық әскери-тарихи экспедициясына тұрақты түрде қатысып келеді. Бірер жыл бұрын біздің еріктіліер 387-ші Ақмола атқыштар дивизиясы соғысқан Ульяновск ауданында жерлестеріміздің құрметіне ескерткіш-белгі орнатып қайтты.

Өскелең ұрпақ өзінің өткен тарихын білуге тиіс. Мәселен, «Аталар аманатына адалмыз» атты акциясын ұйымдастыру дәістүрге айналды. Акция аясында әрбір колледждің студенттері Қазақстанда жасақталып, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан двизиялар мен құрмалардың тарихын, майдан жолын зерттеп, солар жөнінде ғылыми-іздестіру жұмыстарын жасайды.

«Мың естігеннен бір рет көрген артық» дейді қазақ.  Сол себепті Астана қаласының бір топ студенттерін қала түбіндегі әскери бөлімдерге алып бару дәстүрге айналды. Жасөспірімдер сапар барысында казармадан бастап, қару-жарақ, әскери техникалармен, иісшіл итермен танысып, солдат ботқасынан дәм татып, жауынгерлік өмірмен етене танысады. Бір күннің ішінде олардың әскери қызметке деген көзқарастары түбегейлі өзгерді деуге болады. Көбі бұрынғы ойларынан айнып, қажет болса Отан қорғаушысы ретінде сапқа тұруға тілек білдіріп жатады.

Ұлы Абайдың: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?» деген өлең жолдарын соңына өшпес із тастап, өлмес ерлік жасаған кез келген азаматқа айтуға болатындай. Кешегі қан майданда қас дұшпанемен арыстандай айқасқан батырдың бірі – Байбол Рахметов. Зеңбірек көздеушісі болған Сыр перзентінің сүйегі сексен жылдан астам уақыт өткен соң Псков түбінен табылып отыр. Топырақ астынан өзімен бірге көзі тірісінде қаһармандығы үшін алған «Қызыл жұлдыз» ордені мен «Ерлігі үшін» медалі бірге шықты. Сүйегі Псков облысынан табылған тағы бір боздақ ол — Оңтүстік Қазақстан облысы, Шаян ауданы, Ақбастау ауылында 1921 жылы дүниеге келген Мұсахан Қалмырзаев. Оның да дерегі «Ерлігі үшін» медалінің номері арқылы анықталды.

Былтырғы жылдың басты оқиғаларының бірі – осы екі майдангердің елге оралуы деуге болады. 2025 жылдың соңғы күндері олардың сүйегі әскери ұшақпен Қазақстанға жеткізіліп, 80 жылдан астам уақыт сарыла күткен туыстарына табыс етілді. Сосын бірі Түркістан облысында, екіншісі Қызылорда облысында әскери құрметпен жерленді. Біз осы сауапты іске атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз. Ал, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің жұмысы жаңа жылда да жалғаса бермек.

Мысалы жаңа 2026 жылға мынадай жобаларды әзірлеп, соларды іске асырудан үміттіміз:

  1. Қазақстаннан шақырылған және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан солдаттар мен офицерлер туралы электрондық дерекқор құру. Ұлттық платформа нақты ақпаратты сақтап, олардың есімдерін ұрпақтарға жеткізіп, олардың үлестерін мойындауды қамтамасыз етеді.
  2. Халықаралық әскери-тарихи экспедиция «Батыс Қазақстан – Сталинград шайқасының алдыңғы шебі». Мақсат — соғыста қаза тапқан солдаттардың және бейбіт тұрғындардың сүйектерін көтеріп, есімдерін қалпына келтіріп, ескерткіштер орнату. Бөкейорда ауданында зерттеу мен мәңгі есте сақтау қажет 40-50 бауырлас қабір бар.
  3. Соғыс жылдары Қазақстан аумағында эвакуациялық госпитальдардың тарихын зерттеу, госпитальдарға жерленген орындарды анықтау, оларды абаттандыру және естелік тақтайшаларын орнату. Соғыс жылдары Қазақстанда шамамен 150 000 жаралы емделді, олардың көпшілігі қаза тауып, жергілікті зираттарға жерленді.
  4. Еуропада қаза тапқан қазақстандық солдаттарды іздеу. Қолда бар деректерге сәйкес, 2,2 миллионнан астам қызыл әскерлер, оның ішінде қазақстандықтар да бар, белгісіз жауынгерлер ретінде жерленген. Бұл жоба олардың есімдерін қалпына келтіріп, Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесін халықаралық деңгейде мойындауға көмектеседі.

Бұл ата-баба аманатын орындауға, ерлікті ұмытпауға, елдікті ұлықтуға, және ұлт тарихындағы тағы бір ақтаңдақты жабуға бағытталған игілікті іс болып табылады. Өйткені өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мемлекет басшысы айтқандай ортақ парызымыз.

Майданда хабар-ошарсыз кеткен туыстарын іздестірем деген адамдар болса бізге төмендегі байланыс телефондары арқылы тегін өтініш бере алады: 8 -776 -828- 45- 35; 8-776- 828- 45- 34; 8 -701- 999- 78 -20, ata.amanaty@gmail.com.    

 

Мұрат Молдағалиев,

«Atamnyn Amanaty» ҚБ басқарма төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің...

Толығырақ...Details

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды,...

Толығырақ...Details

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

15 часов бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

16 часов бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

16 часов бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

1 день бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

1 день бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

2 дня бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

2 дня бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС