"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілді

09.02.2026
Абай облысында көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілді
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды. Сондай-ақ жиында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жайы талқыланды. Кеңеске басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысып, аудан-қала әкімдері бейнережимде қосылды.

Абай облысында көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілді

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов, «Қазгидромет» РМК ШҚО және Абай облыстары бойынша филиалының директоры Ляззат Болатқан, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ақылжан Ақылбеков, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу комитетіне қарасты «Ертіс бассейндік су инспекциясы» РММ басшысы Медет Жәдігерұлы баяндама жасады.

ТЖД мәліметінше, өңірде су басу ықтималдығы бар аумақта 64 елді мекен орналасқан, бұл аумақта 42 мыңнан астам тұрғын тұрады. Қазіргі таңда 22 елді мекенде қауіп деңгейі едәуір төмендетілген. Ал «Қазгидромет» болжамына сәйкес, биылғы көктемде Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Көкпекті аудандары жоғары тәуекел аймағында тұр.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ертіс және Үбі өзендерінің жекелеген учаскелерінде жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы бағыттағы шараларды нақтылау үшін арнайы комиссия Бородулиха ауданында көшпелі отырыс өткізген. Алдағы уақытта мұндай отырыстар Семей қаласында және Бесқарағай ауданында да ұйымдастырылмақ.

Су тасқыны күрделенген жағдайда жедел әрекет ету үшін облыста 2 285 адамнан тұратын жеке құрам, 888 техника, 33 жүзу құралы және 190 су сору құрылғысы дайындалған. ТЖД базасында 70 адамнан құралған арнайы үш топ жасақталған. Сонымен бірге Семей әуежайында «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 тікұшағы тұрақты кезекшілікте тұр. Азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын пысықтау үшін 27–28 ақпан күндері «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Жиында аймақ басшысы аудан-қала әкімдеріне күштер мен құралдардың толық әзірлігін қамтамасыз ету, эвакуациялық пункттерді дайындау, қар шығару жұмыстарын күшейту, инерттік материалдар мен жанар-жағармай, азық-түлік және дәрі-дәрмек қорын алдын ала жинақтау бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ өзендердегі мұз жару жұмыстарының жоспарын әзірлеу, су өткізу құрылыстарын тазалау, уақытша автокөлік көпірлерінің дайындығын тексеру және жолдардағы су басу қаупін азайту шараларын қабылдау міндеттелді.

«Көктемгі су тасқыны – жыл сайын ерекше назар аударуды талап ететін маңызды мәселе. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымның тұрақты жұмысын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу – біздің басты міндетіміз», – деді облыс әкімі Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің...

Толығырақ...Details

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды,...

Толығырақ...Details

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

15 часов бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

16 часов бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

16 часов бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

1 день бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

1 день бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

2 дня бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

2 дня бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС