"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КАФЕДРА ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

14.04.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Зайсан қаласына облыс орталығындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс  Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры  Әлібек  Қуандықов бастаған бір топ ғалымдар арнайы келді. Меймандар сапар барысында М.Дәуленов  атындағы мектеп-интернатта болып, ұстаздар қауымы және оқушылармен жүздесті.

{jcomments on}Ғалымдармен өткен жүздесу тың мағлұмат, тұшымды жаңалықтарға толы болды. Атап айтсақ, Зайсандағы  білім шаңырағы базасынан аталмыш университеттің  математика, физика   және  технологиялар факультетінің физика және технологиялар кафедрасы филиалының  ашылуы салтанатты түрде өткізілді.

Мұндағы мақсат айқын – аудан мектептерінің ғылыми бағытта, университетпен тығыз байланыста жүйелі жұмыс жүргізуіне молынан мүмкіндік туғызу; мұғалімдердің  біліктілігін арттыру арқылы бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарын іске асыру; педагогикалық іс-тәжірибелерді пайдаланып, аудан мектептері оқушылары арасында физика пәні бойынша олимпиадалар өткізу жөнінде тараптардың бірлескен қызметін ұйымдастыру. Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектерді аталған  университеттің  мамандықтарына тарту, кәсіпке бағдарлау жұмысын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс жасау көзделді.

Әрине, бұл игілігі мол шараның аудан мектептері үшін тиімділігі зор болмақ. Осы орайда ғылыми бағыт бойынша жұмыс жүргізетін филиалға, әсіресе білім ордасындағы  физика пәні кабинетіне жүктелген жауапкершілік те зор.

 

Салтанатты жиында сөз кезегін алған университеттің ректоры Әлібек Қуандықов және  стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Бауыржан Ерденбеков, университеттің физика және технология кафедрасының меңгерушісі Гүлсім Бектасова сөз сөйлеп, құттықтау тілектерін білдірді.  Сонымен қатар мектептен ашылған филиалға ала келген сыйлықтарын, қажетті оқу құралдарын, оқулықтарды тарту етті.

 

Өз кезегінде мектеп-интернат директоры А.Жиенгелдинов аудандағы әріптестері    атынан университет ректорына, ғалымдар мен оқытушыларға осындай елеулі   қамқорлықтары үшін шынайы алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Елбасы Н.Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Біз сендер үшін білім беру мен   ғылымның ең озық жүйесін жасаудамыз. Сендердің алдарыңнан ата-бабаларың армандап    көрмеген ғаламат мүмкіндіктер ашылуда»,- деген еді. Бұл ретте зайсандық оқушылар да білім мен ғылымға құлаш ұруда зор жетістіктерге жетіп, тың игіліктерге кенелуде. Осы уақытқа дейін аудан  әкімі Алмас Оңдақановтың бастамаларымен білім саласында да тың нәтижелер орын алды. Өскемендік жоғары оқу орны тарапынан облыс орталығынан шалғайдағы шекаралық аймақтағы ауданға арнайы филиал ашылуы – соның айқын көрінісі. Бұл  аудан басшыларының ықпалымен өңірде жеткіншектердің болашағы үшін  жасалған зор мүмкіндік екені белгілі.

Салтанатты шара барысында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан    мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Қуандықов, аудан әкімінің орынбасары Д.Қалихан лента қию рәсімін жасады. Одан кейін ректор Әлібек Өсербайұлы мен мектеп-интернат директоры А.Жиенгелдинов өзара екі жақты келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар мектеп-интернаттың физика пәні кабинетіне математика, физика және технология  факультеті кафедрасының филиалы тақтасы ілінді.

Аталмыш шараның жемісті болатыны сөзсіз. Зайсандық жастардың ертеңі үшін тағы бір елеулі шара осылайша сәтімен жүзеге асты.

Ардақты БӨЛДЕКБАЕВА,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС