"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысының әкімі ақын-жазушылармен жүздесіп, жаңа ән байқауын жариялады

11.02.2026
Абай облысының әкімі ақын-жазушылармен жүздесіп, жаңа ән байқауын жариялады
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Облыс әкімі Берік Уәли Абай атындағы әмбебап кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен кездесіп, өңір руханиятының өзекті мәселелерін талқылады. Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған басқосу еркін форматта өтті. Жиынға қала-аудандардан зиялы қауым өкілдері, айтыс ақындары, жазба ақындар, қаламгерлер қатысты.

Кездесудің ашылуында аймақ басшысы әдебиет пен мәдениет өкілдерінің қоғамдағы орнына тоқталып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында Семейдің тарихи орталық ретіндегі маңызы арнайы атап өтілгенін еске салды. Берік Уәлидің айтуынша, Абай елі – руханияттың қазығы қағылған өңір, сондықтан қалам ұстаған қауыммен дәл осы күні жүздесуді жөн көрген.

Жиында өңірде мәдениет саласында қолға алынған бірқатар жұмыстар айтылды. Президент өкімімен ақын Төлеген Жанғалиев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері атанса, айтыскер ақын Әсем Ережеқызы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығымен марапатталған. Сонымен бірге өткен жылы «Абай жолы» кітапханасы» сериясы аясында 25 ақын-жазушының еңбегі жарық көргені де сөз болды.

Аймақ басшысы алдағы уақытта облыста «Тарбағатай» дәстүрлі өнер театрын ашу жоспарда тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ Қайым Мұхамедханұлының 110 жылдығы, Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығы, Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдығы лайықты деңгейде атап өтілетінін айтты.

Кездесуде Берік Уәли өңір жұртшылығына тағы бір жаңалықты жариялады. Оның айтуынша, Абай облысына арналған гимн жазу және заманауи жаңа әндерді қолдау мақсатында «Ұлылар елі» республикалық ән байқауы басталады. Байқау облыс әкімдігі мен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен өтеді. Жоба екі бағыттан тұрады: облысқа арналған гимн жазу және «Trend auen» бағыты бойынша жаңа музыкалық шығармалар.

Басқосуда зиялы қауым өкілдері де ұсыныс-пікірлерін білдірді. Олар елде жүзеге асып жатқан конституциялық реформалардың маңызын атап өтіп, жаңа Ата заң жобасын қолдайтындарын жеткізді. Аймақ басшысы бұл реформалар аясында Парламент құрылымына қатысты талқылаулар жүріп жатқанын айтты.

Жиын барысында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың директоры Мерей Қарт «Абай жолы» кітапханасы» жобасын таныстырса, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Дәулет Сметов өңірдегі айтыс өнерін дамыту, жас ақындарды қолдау және ұйымның облыстық филиалының жұмысы туралы баяндады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС