"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей қаласында 40 аула аумағында асфальттау жұмыстары жүргізілді

12.02.2026
Семей қаласында 40 аула аумағында асфальттау жұмыстары жүргізілді
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан баяндады.

Спикердің айтуынша, облыстағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 2 176 км, облыстық – 1 588 км, аудандық – 2 878 км, ал елді мекен көшелері – 3 396 км. Соның 756 шақырымы Семей қаласына тиесілі.

— 2025 жылы жолдарды жөндеу, күтіп ұстау, қайта жаңғырту және жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 31,9 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат аясында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 109 шақырымын қамтитын 7 учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдардың 138 шақырымындағы 14 учаске, сондай-ақ Аягөз қаласы, Қабанбай және Мақаншы ауылдарындағы 29 көше жөнделді, – деді Мерей Байырхан.

Сонымен қатар, Семей қаласында асфальттау қарастырылмаған, бірақ жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлықсыз болған көшелерде грейдерлеу, профильдеу және инертті материалдармен нығайту жұмыстары атқарылған. Қазіргі таңда мұндай жұмыстар 90-ға жуық көшеде аяқталған.

2026 жылы да жол жөндеу және асфальттау жұмыстары өткен жылдардағы деңгейден төмен түспейтін көлемде жалғасады.

— 2025 жылдың қорытындысы бойынша жол инфрақұрылымын дамыту бағытында жоспарланған барлық жұмыстар толығымен орындалды. 52 көшеде орташа жөндеу жүргізіліп, оның 36-сында алғаш рет асфальтбетон жабыны төселді. Сонымен қатар, аспалы көпірде, сол жағалаудағы айналма жол айрығында және ескі көпірде асфальт жабыны толық ауыстырылды. Бұдан бөлек, 40 аула аумағында асфальттау жұмыстары жүргізілді. 2023–2025 жылдары абаттандырылған, бірақ жол жабыны төселмеген 70-ке жуық аула аумағында аулаішілік және кварталішілік жолдарды асфальттау жоспарланып отыр. Асфальт төсеу көзделмеген көшелерде уақытша шара ретінде грейдерлеу жұмыстары жүргізіледі, – деді Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділбек Увасилов.

Сондай-ақ қалада ірі инфрақұрылымдық жобалар да әзірленуде. Атап айтқанда, Шугаев көшесі бойындағы көлік айрығын қайта жаңғырту жобасы мемлекеттік сараптамадан өту сатысында, Жамақаев көшесін қайта жаңғырту және теміржол үстінен өтетін жол өткелін салу жобасы келісу кезеңінде тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС