"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы жаңа қадам

13.02.2026
Қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы жаңа қадам
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шәкәрім университетінде «Қауіпсіз болашақ: сталкингке қарсы ортақ жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Маңызды басқосу қоғамда жиі назардан тыс қалып жататын, алайда жеке тұлғаның психологиялық саулығы мен қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін сталкинг мәселесін кеңінен талқылауға арналды.

Іс-шараның басты мақсаты – сталкингтің мәнін ашып көрсету, оның зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін түсіндіру, білім алушылар арасында құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру, жеке шекараны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және бұл құбылыстың алдын алуда қоғамның ортақ жауапкершілігін нығайту.

Кездесу университеттің Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Арайлым Оразғалиеваның ұйымдастыруымен өтті. Жиынға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, құқық қорғау саласының және әлеуметтік қызмет құрылымдарының өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы жаңа қадам

Абай облысы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Арайлым Әлімжанова гендерлік теңдік қағидаттарын нығайту және зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол сталкингтің көбіне елеусіз басталып, уақыт өте келе психологиялық қысымға, қорқытуға және жүйелі қудалауға ұласатынын атап өтті.

Абай облысы мәслихатының депутаты, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Солтабаева Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2026–2030 жылдарға арналған “Қазақстан балалары” тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысының жобасына тоқталып, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін жеткізді.

Қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы жаңа қадам

Семей қаласының отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығының директоры Назым Шақаева зорлық-зомбылықсыз қоғам құру жолындағы практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, қыздар мен әйелдердің құқықтарын қорғауда қолдау орталықтарының рөліне ерекше назар аударды. Ал «Ана үйі» қоғамдық қорының координаторы Айнагүл Нұртазина қиын жағдайға тап болған жас аналарға көрсетілетін кешенді көмектің маңызын түсіндірді.

Абай облысы мәслихатының депутаты, «Эйкос» ЖШС даму бойынша директоры Анжела Маслова зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастырудағы депутаттық корпус пен жергілікті атқарушы органдардың рөлі жайлы, ал Семей қаласының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Айнұр Қабдылқақова мәжбүрлі некеге итермелеу, сталкинг және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қарастырылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы кеңінен баяндады. Бұл бағыттағы заңнамалық өзгерістер мен жауапкершілік шаралары жастардың құқықтық санасын арттыруға бағытталғаны айтылды.

Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығының әдіскері Балжан Әсетова психологиялық шекара, келісім (consent) ұғымы және жасырын зорлық-зомбылық түрлері туралы мазмұнды баяндама жасап, жастарды өз шекарасын анық белгілеп, өзгенің шекарасын құрметтеуге шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар сталкингтің тек жеке адамның мәселесі емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін әлеуметтік құбылыс екенін терең түсінді. Жастар ашық пікір алмасып, өздерін мазалайтын сұрақтарға жауап алды.

Осындай мазмұнды жиындар студенттердің құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, қауіпсіз әрі саналы орта қалыптастыруға негіз қалайды. Қауіпсіз болашақ – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Ал зорлық-зомбылыққа қарсы нөлдік төзімділік ұстанымы – өркениетті қоғамның басты қағидаты болуы тиіс.

Айта кетерлігі, Шәкәрім университеті еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып студенттерге арналған «Үнсіз қалмау: Сталкингке қарсы күрес» жадынамасын жарыққа шығарды.

Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС