"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Шалқар Байбеков Әуезов колледжінде Конституциялық реформа және референдум жайын түсіндірді

13.02.2026
Шалқар Байбеков Әуезов колледжінде Конституциялық реформа және референдум жайын түсіндірді
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде педагогикалық ұжым және студенттермен кездесу өткізді. Жиын елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа аясында ұйымдастырылып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындыққа арналды. Алғашқы кездесу 120 жылдан астам тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж қабырғасынан бастау алды.

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия мүшесі ретінде Шалқар Байбеков комиссия отырыстарында Конституцияның барлық бөлімі қаралып, жаңа Ата Заң жобасы қоғамның кең қатысуымен әзірленгенін айтты: Жарты жыл бойы ашық форматта талқылаулар өтті. Комиссия құрамына депутаттар, ғалымдар, заңгерлер, қоғам өкілдері кірді. Нәтижесіндемәтіннің 84 пайызына жаңарту қажеттігі анықталды. Сондықтан жаңа Конституция жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды».

Төраға жаңа редакциядағы Ата Заңда адам құқықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде белгіленгенін атап өтті. «Жаңа Конституцияның өзегінде — адам, оның білімі мен әлеуеті тұр. Білім мен ғылым, мәдениет пен инновация ел дамуының негізгі тірегіне айналады. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау алғаш рет Конституциялық деңгейде бекітілді».

Сондай-ақ білім беру жүйесінің зайырлы сипаты нақты айқындалып, зияткерлік меншік құқығы қорғалатыны, азаматтардың құқықтық кепілдіктері күшейтілетіні түсіндірілді. Сонымен қатар бір палаталы Құрылтай құру, Қазақстанның Халық Кеңесін қалыптастыру және вице-президент институтын енгізу жөніндегі ұсыныстар түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Колледжде 400-ден астам сайлаушы бар. Ұжым өкілдері алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін білдірді.

Жастар атынан сөз алған колледждің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Шоқан Баймұлаев саяси науқанның ерекшелігі – халықтың өз пікірін еркін білдіру мүмкіндігінде екенін жеткізді: Бүгін Шалқар Заманбекұлымен Конституциядағы өзгерістер жайлы сөз қозғалды. Алдағы болатын референдум Абай облысының жастары үшін өте маңызды, біз бұған дейін көптеген ел үшін маңызды референдумдарда бой көрсетіп, дауыс бергенбіз. Осы жолғы өтетін референдум ерекше, себебі барлық ақпарат ашық түрде жарияланып отыр. Референдум тек билік өкілдері  қатысатын жер емес, бұл жерде халық өз дауысын ашық түрде көрсете алады. Әуезов жастары алдағы референдумда белсенділік танытады деп айта аламын.

Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Нұрланова жаңа Конституция жобасының ұзақ әрі жүйелі еңбектің нәтижесі екенін, комиссия жұмысына заңгерлер, ғалымдар, депутаттар мен қоғам өкілдерінің кеңінен тартылғанын айтты: Еліміздің қоғамдық өмірінде айрықша маңызға ие тарихи кезеңдердің бірі басталды. Ұзақ уақыт бойы жүргізілген жүйелі еңбектің нәтижесінде жаңа Конституцияның жобасы толық әзірленіп, көпшілік назарына ұсынылды. Арнайы құрылған комиссия талмай жұмыс атқарып, әр баптың мазмұнына терең үңіліп, мемлекет пен қоғамның болашақ бағытын айқындайтын құжатты мұқият пысықтады және бүгінгі кездесуден де біз маңызды ақпарат ала алдық. Заңгерлер мен ғалымдар, депутаттар мен қоғам өкілдері ортақ мақсат жолында күш біріктіріп, халықтың үніне құлақ асты.

Студенттік парламент президенті Толғанай Сейтказинова қазіргі техникалық даму, жасанды интеллектінің өркендеуі және қоғамдық өзгерістер жаңа заңнамалық шешімдерді қажет ететінін атап өтіп, жастардың бұл реформаларды қолдап, ел болашағына жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін жеткізді: Бүгінгі кездесу 15 наурызда қабылданатын референдумға байланысты өтіп жатыр. Ата заңға енгізілетін өзгерістер бүгінгі қоғам үшін маңызды. Техникалық даму, жасанды интеллектінің өркендеуі және қоғамдық өзгерістер жаңа заңнамалық қолдауды қажет етеді. Сондықтан жастар ретінде бұл өзгерістерді қолдап, ел болашағына жауапкершілікпен қарауымыз қажет деп есептеймін.

Шалқар Байбеков өз сөзінде педагогикалық қауымның құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталып, білім мен ғылымның Конституциялық деңгейде бекітілуі Абай облысы үшін стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Кездесу қорытындысында қатысушылар референдумның ел болашағы үшін маңызды саяси шешім екенін атап өтіп, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.

 

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің...

Толығырақ...Details

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды,...

Толығырақ...Details

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

9 часов бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

10 часов бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

10 часов бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

1 день бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

1 день бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

1 день бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

1 день бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

1 день бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС