8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2026 жылдың 10–23 ақпан аралығында шекарашылардың жұбайлары арасында республикалық «Шекара аруы – 2026» бейнебайқауы ұйымдастырылуда.
Аталған байқау — шекарашы отбасыларының бірлігі мен өнегесін, қазақ әйелінің парасаты мен сұлулығын, рухани байлығын дәріптейтін тағылымды жоба.
Осы байқауға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінен қатысып отырған жерлесіміз — Қыдырбек Тұрсынай (Үміткер №1).
Баршаңызды жерлесімізге қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырамыз!
Дауыс беру Telegram желісіндегі ресми арнада жүргізіледі:
t.me/shekara_aru
Қолдау білдірейік, ел намысын бірге көтерейік!







