"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ – РЕФОРМАЛАРДЫ ТАБЫСТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕПІЛІ

20.02.2026
ЖАСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ – РЕФОРМАЛАРДЫ ТАБЫСТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕПІЛІ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аягөз ауданында жастар мәслихатының депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ғ. Мамутовтың волонтер жастармен кездесуі өтті.

Іс-шара «Реформалар жағдайындағы азаматтық белсенділік» тақырыбына арналып, жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуын арттыруды көздеді.

Кездесу барысында Ғ. Мамутов елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік, саяси және институционалдық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, жастардың бұл үдерістердегі орны мен рөліне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, азаматтық белсенділік пен волонтерлік қызмет – қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші.

Ғ. Мамутов, депутат, жастар мәслихатының өкілі:

– Қазіргі реформалар кезеңінде жастардың белсенді азаматтық ұстанымы аса маңызды. Конституция жобасы жастарды белсенді, саналы және жауапты азамат ретінде қалыптастыруға негіз болатын маңызды құжат . Сіздер, белсенді, саналы жастар реформалардың мәнін терең түсініп, оларды қолдағанда ғана ел дамуы тұрақты болады. Сіздердің бастамаларыңыз мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады, – деді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, волонтер жастар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар волонтерлік қозғалысты дамыту, әлеуметтік жобаларды іске асыру және жергілікті деңгейде азаматтық бастамаларды қолдау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында волонтерлер атынан сөз сөйлеген жастар өкілі азаматтық белсенділіктің маңызымен қатар, Конституция жобасының жастар үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті:

– Бүгінгі кездесу біз үшін өте мазмұнды әрі маңызды болды. Қазіргі реформалар кезеңінде әрбір жастың ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын ашық білдіруі қажет деп ойлаймын. Осы тұрғыда Конституция жобасының маңызы зор. Білім беру, ғылым, инновация және адам капиталын дамытуға ерекше көңіл бөлінуі – жас ұрпақтың болашағына бағытталған стратегиялық қадам. Жастардың пікірін ескеріп, ашық қоғамдық талқылауларға қатысу мүмкіндігінің берілуі біздің азаматтық жауапкершілігімізді арттырады деп есептеймін, – деді Балым Қуатқызы.

Кездесу қорытындысында қатысушылар жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, волонтерлік қозғалысты жүйелі түрде қолдау және жүргізіліп жатқан реформаларды түсіндіру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС