"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШАЛҚАР БАЙБЕКОВ ПЕН КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

20.02.2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШАЛҚАР БАЙБЕКОВ ПЕН КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

  Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы аясында колледж директорларымен кездесу өтті. Жиынды облыстық мәслихат төрағасы, коалиция жетекшісі Шалқар Байбеков жүргізді. Басқосуға өңірлік коалиция мүшелері қатысты. Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен алдағы республикалық референдумның маңызы кеңінен талқыланды.

Шалқар Байбеков бұл кезеңді ел тарихындағы жауапты белес ретінде атап өтті. Алда – республикалық референдум. Бұл – ел тағдыры үшін маңызды сәт. Комиссия жұмысы барысында Конституция мәтінінің 84 пайызына өзгеріс енгізу қажеттігі анықталды. Құжат жарты жыл бойы ашық талқылаудан өтті. Он мыңға жуық ұсыныс қаралды, әрбір пікір назарға алынды, – деді төраға.

Ол жаңа редакцияда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер қарастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар ұстаздардың қоғамдағы рөліне арнайы тоқталды.  Ұстаздар – тек білім беруші емес, қоғамдық пікір қалыптастырушы күш. Қоғамдағы өзгерісті терең түсініп, оны сауатты жеткізе алатын – білім саласының өкілдері. Сондықтан бұл кезеңде сіздердің жауапкершіліктеріңіз айрықша, – деді коалиция жетекшісі.

Жиында коалиция мүшелері сөз сөйледі.  Облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жанаева Конституция жобасының қазақ тілінде әзірлену сапасына назар аударды. Оның айтуынша, мемлекеттік тілдегі мәтін мазмұндық тұрғыдан жүйеленген, терминологиялық нақтылық сақталған.

Ал Әлихан Бөкейхан университетінің проректоры Айрат Базенов жобаның преамбуласына тоқталып, онда әділеттілік, заң үстемдігі, ұлттық бірлік, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік, адам капиталы, білім мен ғылымды дамыту сияқты стратегиялық құндылықтар айқындалғанын айтты. Зайырлы мемлекет қағидатының сақталғанын және тіл мәселесінің нақты бекітілгенін атап өтті. Оның пікірінше, жаңа даму кезеңінде білім, ғылым және инновация елдің басты басымдығына айналуға тиіс.

Коалиция мүшесі Алмас Атмұқаш Жаңа Ата Заң жобасын тарихи шешім ретінде бағалап, құжатта адами капиталға басымдық берілгенін атап өтті. Ғылым, білім, мәдениет пен инновацияның негізгі құндылықтар ретінде бекітілуі – шикізаттық модельден жасампаз экономикаға көшуге бағытталған жүйелі қадам екенін жеткізді.

Абай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Солтабаева жаңа жобада адам қадір-қасиетін қорғау, жеке өмірге қол сұқпаушылық, цифрлық деректер қауіпсіздігі, сөз бостандығы, зайырлы білім беру ортасын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағыттарының күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, буллинг пен зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру білім беру ұйымдарының маңызды міндеті екенін айтты.

Көлік колледжінің директоры Қаныш Тулеуов қолдау пікірін білдірді. Бүгінгі кездесу мазмұнды әрі өзекті болды. Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары нақты түсіндірілді. Құжатта мемлекеттік басқаруды жетілдірумен қатар, адам капиталына, білім мен ғылымға басымдық берілгені айқын көрінеді. Бұл – еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес келетін маңызды қадам. Білім беру ұйымдары ретінде қоғамға шынайы әрі түсінікті ақпарат жеткізуге дайынбыз. Референдум – әр азаматтың жауапкершілігін айқындайтын тарихи сәт, – деді.

Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің директоры Лариса Оралбаева да өз азаматтық ұстанымын жеткізді:  Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтті. Конституция жобасының кең қоғамдық талқылаудан өтуі – азаматтық белсенділіктің көрінісі. Құжатта әлеуметтік саланы дамыту бағыттары нақты айқындалған. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық ұстанымын қалыптастыру – білім беру ұйымдарының басты міндеті. Біздің балаларымыздың ертеңі үшін алдағы референдумда белсенді болайық, – деді.

Жиын соңында референдумға дайындық аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру мәселелері қаралды. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС