"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде 35 аула абаттандырылды

25.02.2026
Семейде 35 аула абаттандырылды
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында 2025 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңнің басым бағыттары айқындалды. Негізгі назар жылумен жабдықтау, сумен қамту және аулаларды абаттандыру мәселелеріне аударылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты аясында Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рустам Айтқұлов кеңінен тарқатты.

Оның айтуынша, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы 29 қыркүйекте штаттық режимде басталды. Қаланың жылумен жабдықталуын 21 қазандық пен ЖЭО-1 қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 76 орталық жылу пункті мен 92 қазандық агрегаты жұмыс істеуде. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 325,5 шақырымды құрайды.

Жылыту маусымына дайындық аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен және жергілікті бюджеттен 4,9 млрд теңге бөлінді. Қаражат есебінен 13 жылу көзінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3,4 шақырым жылу желісі ауыстырылды.

– Барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалды. Жылыту маусымы 2025 жылғы 29 қыркүйекте штаттық режимде басталды. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қоры толық көлемде жылумен қамтамасыз етілді, апатты жағдайларға жол берілген жоқ, – деді Рустам Айтқұлов.

Жөндеу науқаны шеңберінде қазандық агрегаттары мен бу қазандықтарына ағымдағы жөндеу жүргізілді, ЖЭО-1 турбинасында іске қосу-баптау жұмыстары аяқталды, тарату құрылғылары жөнделді. Березовский кентінде жылу желісі толық жаңартылды.

— Сумен жабдықтау және су бұру саласында 2025 жылы 14 жоба іске асырылды, оның ішінде 7 жоба мемлекеттік арнайы қор есебінен қаржыландырылды. Барлық нысандар белгіленген мерзімде аяқталып, пайдалануға берілді. Қаланың бірқатар шағынаудандары мен жеке сектор тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау желілеріне қосылу мүмкіндігіне ие болды, — деп атап өтті бөлім басшысы.

Абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. 2025 жылы 35 аула аумағы абаттандырылды. Жұмыстар балалар және спорт алаңдарын орнатуды, жарықтандыру жүргізуді және көгалдандыруды қамтыды.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасы аясында Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша жиын өткізді

25.02.2026
Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасы аясында Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент қойған міндеттер шеңберінде жүзеге асырылу барысы қаралған...

Толығырақ...Details

Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек

25.02.2026
Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Оның айтуынша, Bilim,...

Толығырақ...Details

Мұғалімдер оқушының өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде жауапты болмақ

25.02.2026
Мұғалімдер оқушының өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде жауапты болмақ

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...

Толығырақ...Details

Ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады

25.02.2026
Ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады

Ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер...

Толығырақ...Details

Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

25.02.2026
Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы...

Толығырақ...Details

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады

25.02.2026

2-бөлім 6. «Конституциядан «бостандық» ұғымы алынып тасталды» Керісінше, құқықтар мен бостандықтар ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. Преамбула мен 1-бапта адам,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасы аясында Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша жиын өткізді

1 час бұрын

Оқу-ағарту министрлігіне мектептерде смартфондарды пайдалануға толық тыйым салу құзыреті берілмек

1 час бұрын

Мұғалімдер оқушының өмірі мен денсаулығына тек оқу процесі кезінде жауапты болмақ

1 час бұрын

Ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады

1 час бұрын

Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

1 час бұрын

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады

1 час бұрын

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады

2 часа бұрын

Конституциядағы реформалар: Кәсіподақ ұйымдарымен ашық талқылау

2 часа бұрын

Семейде 35 аула абаттандырылды

2 часа бұрын

Ақмола облысының спортшылар қауымы жаңа Конституцияны қолдады

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС