"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

26.02.2026
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатарынан барлығы 60 адам қатысты.

Конференцияның мақсаты – конституциялық жаңғырту жағдайында гендерлік саясаттың негізгі бағыттары мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін талқылау үшін саяси диалогты, академиялық сараптаманы және азаматтық қатысуды біріктіретін маңызды ұлттық алаңға айналу.

Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

««Бүгінде еліміз ауқымды конституциялық реформаның табалдырығында тұр. Оның маңызды кезеңдерінің бірі – ағымдағы жылдың 15 наурызына белгіленген республикалық референдум. Мемлекет басшысы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: «Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекетіміздің конституциялық негіздерін түбегейлі қайта жаңғырту қажеттігін күн тәртібіне қояды. Негізінен, сөз мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін құру туралы болып отыр», – деп атап өтті. Еліміздің жаңа Негізгі заңы жобасы аясында қарастырылып отырған маңызды мәселелердің бірі – гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат. Соңғы жылдары Қазақстанда гендерлік теңдікті нығайту және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бағытында бірқатар жүйелі әрі практикалық шаралар қабылданды. Қазақстанда қоғамдық ұйымдардың дамыған желісі қалыптасқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы және басқа да ұйымдар белсенді жұмыс жүргізуде. Біздің Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында бас қосуымыздың өзіндік терең символдық мәні бар. Бұл күн гендерлік қатынастар саласында бір ғасырдан астам уақыт бұрын орын алған шынайы серпілісті білдіреді. Қазіргі Қазақстан жағдайында да біз гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жетілдіру бағытында нақты әрі тиімді қадамдар жасауымыз қажет», – деп атап өтті өз сөзінде ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

«Бүгінгі таңда гендерлік теңдік инклюзивті және орнықты дамудың негізгі элементі болып қала береді. Саяси контекстің өзгеруі, демографиялық үдерістер мен климаттың өзгеруі жаңа шындықтарды қалыптастырып, бір жағынан мүмкіндіктер ашса, екінші жағынан сақталып отырған теңсіздіктерді айқындай түсуде. Осындай жағдайда конституциялық жаңғырту негізгі құқықтарды растауға, институционалдық кепілдіктерді нығайтуға және гендерлік теңдіктің ұлттық даму басымдықтарының ажырамас бөлігі болып қалуын қамтамасыз етуге маңызды серпін береді. Конституциялық реформа мемлекеттік басқару мен құқықтық жүйелерде кепілдіктерді күшейтудің құқықтық негізін қалыптастырады», – деді БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы, Қазақстандағы БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының елдік өкілдігінің өкілі Гюрэс Джерен Гювен.

Отырыс барысында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, отбасы, ана мен баланы қорғауға бағытталған жаңартылған конституциялық тәсілдерге талдау жасалды. Мемлекеттік органдардың, сараптамалық қауымдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдері озық тәжірибелермен, зерттеулермен және деректермен алмасып, пікірталасты жаңа идеялар мен көзқарастармен байытты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Таудың пікірінше, конституциялық реформа – бұл заң мәтінін өзгерту ғана емес, халықтың өмір сүру философиясын және мемлекет пен азамат арасындағы жаңа қоғамдық келісімді айқындайтын үдеріс. Қазіргі гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтар тақырыбы – сырттан енген үрдіс емес, тарихи тәжірибемізбен үндес бағыт.

«Соңғы жылдары қазақстандық қоғам ауқымды өзгерістерді бастан өткеруде: цифрландыру, еңбек нарығының трансформациясы, урбанизация, жастардың дүниетанымының жаңаруы. Осындай жағдайда отбасы институтының рөлі мен оны нығайтудың маңызы арта түсуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әйелдердің саясат пен экономикаға қатысуы артқан сайын әлеуметтік саясаттың сапасы да жоғарылайды. Қазақ қоғамында әйел әрдайым маңызды рөл атқарған – ол тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ел тағдырына жауапты тұлға. Сондықтан гендерлік саясатты ұлттық дәстүрлерге қарсы құбылыс ретінде емес, қазақ мәдениетінің заманауи жалғасы ретінде қарастыру қажет», – деді депутат.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы Азиза Шужeева Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың дербес деректерін қорғау, цифрлық ортадағы жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат-хабар алмасу және банк құпиясын сақтау құқықтары тікелей бекітілгенін атап өтті. Осылайша, аталған кепілдіктер заң нормасы ғана емес, конституциялық мәртебеге ие болды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смолякова, журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер, Қазақстан тарихына арналған телебағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы Майя Бекбаева, Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдану және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының басшысы Айжан Аймағанова, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (APEMS) ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер аралық кеңесінің төрағасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Eligai» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Сания Ирсалиева, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «PANA» жобасының жетекшісі, Әйелдер күштері альянсының басқарма мүшесі Лариса Ли, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетова сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар гендерлік саясатты дамытудың басым бағыттарын айқындап, заманауи әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер жағдайында отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттар инклюзивті және орнықты қоғам қалыптастыруға негізделген.

Ұқсас жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің...

Толығырақ...Details

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды,...

Толығырақ...Details

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

2 часа бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

3 часа бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

3 часа бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

18 часов бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

22 часа бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

22 часа бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

23 часа бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

24 часа бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

1 день бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС