"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

28.02.2026
СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайында білім беру саласының қызметкерлерімен Жаңа Конституция жобасына арналған мазмұнды кездесу өтті. Басқосу «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы аясында ұйымдастырылды.

Жиынға Абай облысы мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Шалқар Байбеков және коалиция мүшелері қатысып, қызметкерлермен ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мәні, Конституция жобасына енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен олардың қоғам дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.

Шалқар Байбеков жалпыұлттық референдум өткізу туралы Мемлекет басшысының Жарлығының маңызын атап өтті: «Жаңа Конституция жобасы – еліміздің ұзақ мерзімді даму траекториясын айқындайтын стратегиялық құжат. Қоғам жаңарып келеді, соған сәйкес құқықтық негіз де жаңғыруға тиіс. Референдум – халықтың тікелей таңдау жасау мүмкіндігі. Сондықтан бұл кезеңде түсіндіру жұмысының сапасы ерекше маңызды», – деді ол.

Коалиция мүшелері конституциялық реформаның мазмұнына әр қырынан тоқталды. Ардагерлер кеңесінің өкілі Мұрат Алин, Семей қаласының құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев, облыстық мәслихат депутаттары Рафаиль Хазипов, Марат Құрманбай, Мерей Қарт және «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының директоры Ұлан Сағадиев өзгерістердің тарихи және құқықтық маңызын тарқатты.

Ұлан Сағадиев реформаны Абайдың «Толық адам» ілімімен сабақтастыра отырып, терең философиялық пайым айтты: «Абай «Толық адам» ілімін ұсынды. Толық адам – ақыл, жүрек, қайратты тең ұстаған тұлға. Мемлекет те дәл осындай үйлесімге сүйеніп отыр. Ақыл – заң мен жүйе болса, Жүрек – әділет пен мейірім, Қайрат – батыл шешім мен нақты іс. Жаңа Конституция жобасы — осы үш қасиетті тоғыстыратын құжат. Ол құқықтық жүйені жетілдіреді, әділетті нығайтады, қоғамды жаңғыртуға бағыт береді. Абай әділетті айтты, ал Конституция соны заң деңгейінде бекітеді», – деді ол.

Сонымен қатар жиында Конституцияның 8, 16, 33-баптарына енгізілетін өзгерістерге тоқталып, адам құқығын қорғау, білім алу мүмкіндігін кеңейту бағытындағы нормалар мәні түсіндірілді.

Жиын соңында ұжым өкілдері пікір білдірді. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алия Ахметова жаңа жобаның білім беру саласына ықпалы зор екенін жеткізді. «Бүгін біз жаңа Конституция жобасының мазмұнымен кеңінен таныстық. Өзгерістердің білім беру саласына да тікелей қатысы бар екенін түсіндік. Бұл – жауапкершілігі жоғары кезең. Өз болашағымыз үшін, балаларымыздың ертеңі үшін азаматтық борышымызды өтейміз», – деді ол.

Кездесу еркін сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттарына қолдау білдірді.

СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС