"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОНФЕРЕНЦИЯ АРҚАУЫ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

21.04.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында Семейде ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Семей қаласының Әділет басқармасы мен «Қайнар» колледжі ұйымдастырған басқосуда зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар өзара ой бөлісіп, баяндамалары мен зерттеулерін таныстырды. Қазақ хандығының 550 жылдығы өте маңызды шара болатынын айт-қан қатысушылар бұл ретте, алдымен, жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру керек десті.

{jcomments on}Жиында алғаш болып сөз алған қалалық Әділет басқармасының басшысы Бейсенбек Әл – Сейіт Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында 2015 жылы ресми түрде төрт мерекенің аталып өтілетінін, олардың ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы ұсынысының айрықша екенін айтты.

— Қазақ хандығының 550 жылдығы — саяси, тарихи, әлеуметтік маңызы бар үлкен шара. Өйткені еліміздің Қазақстан Республикасы, халқымыздың қазақ деп аталуының басында Қазақ хандығының тарихы тұр. Қазақ хандығы өзінің алғашқы күнінен   бастап ел мүддесіне сай ру, тайпалардың этностық аумақты қалпына келтіру үшін күрес жүргізді. Ол мемлекеттің қабырғасын қатайтып, іргесін бекітіп, керегесін кеңейтіп, шаңырағын тіктеді. Хандықтың төрт ғасырға созылған шерлі шежіресінде 20-дан астам хан билік құрған екен. Ел билігін қолына ұстаған бұл тарихи тұлғалардың талайының тағдырында сан қилы билік құрудағы қабілеттері әр деңгейде болды. Бірақ олардың барлығына ортақ бір қасиет — өз заманының қалыптасқан жағдайына байланысты қолдан келгенше хандықтың туын жықпауға тырысты. Қазақ хандығы — Қазақстан халқының алғашқы мемлекетінің бір көрінісі. Біздің бұған дейінгі түрік әлемі, тіпті сонау сақтардан басталған тарихымыз бар. Алайда Қазақ хандығының ерекшелігі, ол — біздің ұлттық сипаттағы алғашқы мемлекетіміз. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап “қазақ” сөзі саяси термин ретінде тарихқа алтын әріппен енді. Бұл көне тарихымызды мемлекетіміз республика көлемінде тұңғыш тойлап отыр. Сондықтан Қазақ хандығының 550 жылдығының тарихи, рухани маңызы зор деп білемін, — деген Бейсенбек Қанайбекұлы конференция қатысушыларына табыс тіледі.

 

Өз кезегінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «М.Қозыбаев атындағы тарихи зерттеу ғылыми орталығының» директоры профессор Мұхтарбек Кәрімов «Мұхаммед Хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында баяндама жасап, Қазақ хандығының пайда болуы мен дамуының бастапқы кезеңдеріне байланысты жазылған еңбектерге тоқталып өтті. Негізгі дерек көздеріне тоқталған ғалым, олардың ішінде ең маңыздысы ХҮ-ХҮІ ғасырларда Орталық Азия халықтарының тарихын жазған көрнекті мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегіне айрықша тоқталды. Баяндамашы өз сөзінде бұл Қазақ хандығына байланысты жазылған ең алғашқы еңбек ретінде бірден-бір дерек көзі екенін атап өтті.

 

Конференция барысында «Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Ұлттық тарихымызды ұлықтау – Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақ хандығының хандары», «Қазақ билері», «Қазақ хандығы – 550 жыл» сынды тақырыптарда баяндамалар жасалды. Отырыс барысында қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, зерттеу еңбектер жан-жақты талқыланды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС