"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ ҒАЛЫМДАР ОЙТАЛҚЫСЫНДА

21.04.2015

Бүгінде елдік мүдде жолында еңсерілер іс көп. Саяси-экономикалық тұрғыда дамудың бағыт-бағдары айқындалған қазіргі тұста, руханилық пен философиялық мәселелерге де жете көңіл бөлу қажет. Себебі өзіндік дүниетанымы, ұлт ретіндегі болмысы болмаған ұрпақ сөз жоқ өзге ұғым, бөтен түсініктің соңында кетуі бек мүмкін. Сондай-ақ мемлекетшілдік қасиеттер, жас буын бойында тек ұлттық көзқарас нығайған тұста ғана, бекем болмақ. Бұл ойлар аптаның сейсенбісінде Семейдегі іргелі жоғары оқу орны ҚазИГЗУ-де өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы және Қазақ хандығының 550 жылдығына  арналған  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтылып, ғалымдар арасында талқыға түсті.

{jcomments on}Аталмыш ауқымды шараға тек еліміздегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілер де жиналған екен. Атап айтсақ, философия ғылымдарының докторы, академик, ҚР ҰҒА мүшесі, ҚР техника және ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері Әбдімәлік Нысанбаев, философия ғылымдарының кандидаты Уәлихан Төлешов, Әлемдік экономика және саясат институтының оқытушысы, заң ғылымдарының докторы, Қытай коммунистик партиясы негізіндегі орталық комитеттің партиялық мектебінің мүшесі Янгянг Лю, және Германияның Бонн қаласынан келген профессор, SES сарапшы қызметкері Йоханес Штикель сынды бірқатар оқымыстылар бар. «Ұлттық философия және жаңа дүниетанымдық парадигмалар» тақырыбын өзек еткен конференция барысында жиналған ғалымдар философия, тарих, филология, саясаттану және заң ғылымдары бойынша баяндамалар   жасады.

Өткізіліп отырған ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты айқын — рухани-мәдени, экономикалық-әлеуметтік, ғылыми-техникалық даму мәселелерін айқындау, ұлттық интеллектуалдық мәдениетті, философия негіздері шеңберіндегі өзекті жайттарды бірлесіп талқылау болатын.

 

— Бұл іргелі шараның еліміздің басқа қалаларында емес, Семей шаһарында өткізілуінің өзіндік мәні бар. Себебі Абай мен Шәкәрім тәрізді ақыл-ой алыптары қалыптастырған қазақы дүниетаным негіздері мен ұлттық философия осы топырақта қайта түлеген болатын. Бұл түсініктердің бүгінгі күндері маңыздылығы артып отыр. Себебі қазіргі жаһандану үрдісінде тек әлеуметтік-экономикалық дамуға ғана емес, ұлттық болмыс пен дүниетанымға да арқа сүйеу қажет. Біз бүгін осы тақырыпта университеттің студенттері алдында лекциялар оқыдық, олармен пікір алыстық. Ой бөлістік. Байқағаным — ҚазИГЗУ студенттері пәлсафалық ілімге аса ынталы. Білуге деген құштарлықтары зор әрі өзіндік айтар ойлары мен ұстанымдары қалыптасып үлгеріпті. Мен осыған қуандым. Бұл, бір жағынан, университет қабырғасындағы білім сапасының да көрсеткіші дер едім. Ал бүгінгі ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып отырған университет ректоры Шырын Құрманбаеваға және оқытушылар құрамына айтар алғысым шексіз, — деді Алматыдан келген академик Әбдімәлік Нысанбаев.

 

Конференцияның ашылу салтанатынан соң ғалымдар баяндамаларына кезек берілді. Атап айтсақ, ұлттық мемлекеттіліктің қайнар көздерінен қазіргі тәуелсіздікке дейінгі аралықты қамтитын ұлттық философия, тіл, мәдениет, экономикалық дамудың ұлттық үлгісі, заң ғылымдарының қазіргі мәселелері тақырыбында тұшымды ойлар қозғалып, ғалымдардың ой-пікірі ортаға салынды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

14 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

15 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

18 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

18 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

18 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС