"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында туберкулез айлығы өтуде

05.03.2026
Абай облысында туберкулез айлығы өтуде
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында туберкулезді ерте анықтау және оның алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгул Токтабаева мәлімдеді.

– 2025 жылы туберкулездің алғаш рет анықталған 222 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 жағдайға төмен. Дегенмен, өңірдегі сырқаттанушылық көрсеткіші 36,77-ні құрап, республикалық көрсеткіштен (30,06) 1,2 есе жоғары болып отыр. Аурушаңдық деңгейі облыстық көрсеткіштен жоғары аудандар қатарында Жарма (57,69), Үржар (57,48), Бородулиха (53,75), Мақаншы (44,16) және Бесқарағай (41,83) аудандары бар. Тіркелген жағдайлардың 87,8%-ын (195 жағдай) өкпе туберкулезі құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 жағдайға төмендегенін көрсетеді. Оның ішінде 91 жағдай (46,6%) – бактерия бөлетін түрі, – деді департамент басшысының орынбасары.

Сонымен қатар қазіргі таңда асқынған (4 жағдай) және ыдырау сатысындағы (94 жағдай) түрлері тіркеліп отыр.

Бұл бағыттағы диагностикалау және алдын алу шаралары туралы Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Шолпан Садыкова баяндады.

– Облыс бойынша 2025 жылы 174 818 адамды флюорографиялық тексерумен қамту жоспарланып, нақты 174 421 адам (99,8%) тексерілді. Нәтижесінде 138 науқас анықталды. Манту сынамасымен 60 432 баланы қамту жоспарланып, 58 472 бала (96,8%) тексерілді. 2026 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында терішілік аллергиялық сынама – Манту сынамасы қолданылады. Қажет болған жағдайда қосымша «Диаскинтест» жүргізіледі. Сонымен қатар, 2 аптадан астам жөтелі бар адамдарға бактериологиялық зерттеу жасалады. Заманауи Genexpert экспресс-тесті арқылы туберкулезді 2 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда бұл құрылғылар Семей қаласының №1 емханасында, фтизиопульмонология орталығында, сондай-ақ Аягөз, Жарма және Үржар аудандарының емханаларында орнатылған, – деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, жыл сайын 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні ретінде аталып өтеді. Осыған орай 2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында «Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен инновация және халықтың күшімен!» ұранымен айлық ұйымдастырылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС