"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ ЖАУАПТЫ

21.04.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Күннің жексенбісіне қарамастан, қала әкімі Айбек Кәрімов шаһардың бірқатар аудандарын аралап, қалаішілік жолдардың жөнделуін, сенбіліктен кейінгі қала көшелерінің тазалығын көрді. Осы ретте шаһар басшысы бірқатар бөлім басшыларына тапсырмалар да жүктеді.

{jcomments on}Қала әкімі алдымен Қабанбай батыр көшесінің  72-ші ықшам ауданы аумағына аялдап, бұл жердің тазалығын сынға алды. Семейде екі айлық тазалық айлығы жарияланған болатын. Алайда екі сенбілікті өткізген семейліктерге қала басшысының көңілі толмады. Шаһар басшысы әсіресе қаладағы жеке кәсіпкерлердің салғырттығын сынға алды. Қала тазалығына кәсіпкерлердің де жұмыла кірісуі керектігін атап өтті. Әлбетте, жұмыла кіріскенде, өзіне тиесілі аумақтың тазалығын сақтау. Осындай жауапкершілік арқылы шаһар көріктенуіне үлес қосу. Бұл ретте қала әкімі өзінің жеке аумағының тазалығына бей –жай қарағандарға тек ескерту жасап қана қоймай, арнайы рейд жүргізу қажет екенін атап өтті.

—  БАҚ өкілдерімен бірлесе осындай жауапсыз әрбір кәсіпкерге аралап жүріп ескерту жасау керек. Бұл іске кәсіпкерлік бөлімі де жұмылдырылсын. Қала тазалығына әрбір тұрғын жауапты, — деді Айбек Мүталапханұлы.

Бұдан кейін қала басшысы Шығыс кентінің Олимпийская көшесіндегі бірқатар тұрғын үйлерді аралап көрді. Аталмыш аудан тұрғындарын жылдар бойы көктем келісімен көтерілетін жер асты суы алаңдатады. Ауданда жер асты суы бұрыннан бар. Алайда тұрғындар оның 2000-шы жылдары деңгейі көтеріліп кеткенін айтады.

 

— Үйді 1997 жылы сатып алған едік. Бұл жертөледе кортоп, сәбіз сынды кез келген көкөністі  сақтай алатынбыз. Жылдар өте одан да қалдық. Су деңгейі жыл сайын көтеріліп келеді, — дейді Нина  Ивченко.

 

Су деңгейінің көтерілуіне бірнеше себеп бар. Оның үстіне аумаққа тұрғын үйлер салуға кезінде заңсыз рұқсат берген. Жер асты суының көтерілуіне тұрғындардың да өз тараптарынан кемшіліктер бар. Арнайы рұқсатсыз тастаған күл – қоқыстар су жолдарын бөгеп, міне, енді келеңсіздіктер орын алуда.

Тұрғындардың өтінішін тыңдаған қала әкімі жағдайдан шығудың жүйелі жолын қарастыру керекті-гіне тоқталып, қалалық  ТҮКШ бөлімінің басшысы Ерған Қанафьевке ауданның картасы мен су арналарының картасын жасап шығаруды тапсырып, бұл өз кезегінде мәселені кешенді түрде шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тұрғындар соңғы жылдары Шығыс кентінің көшелері жөнге келе бастағанын, ауданда бірқатар көшелер жөндеуден өткенін айта келе, өз көшелерін де жөнге келтіруді өтінді. Қала әкімі барлығы біртіндеп шешіліп келе жатқанын, биыл аталмыш аудандағы негізгі көшелердің бірі Аюченко көшесі жөндеуден өтетінін атап өтті.

Сондай –ақ Айбек Кәрімов қаладағы негізгі көшелердің бірі Қабанбай батыр көшесінде болып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталмыш көшені мамыр айының басына дейін жөндеп бітіруді тапсырды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС