"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Еңбек адамының мүддесіне қызмет етеді

05.03.2026
Еңбек адамының мүддесіне қызмет етеді
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері кәсіподақ ұйымдары мен «СемАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесулердің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру, еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту мәселелерін талқылау болды.

Топ құрамында коалиция мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов және Ерлан Саиров болды.

Алғашқы кездесу Семей медицина университетінде өтіп, қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттары мен еңбек саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, жұмысшылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру бағыттары туралы ақпарат алды.

Екінші кездесу «СемАЗ» ЖШС зауытында экспромт форматында жалғасты. Осы жүздесуде Нұртай Сабильянов жаңа Конституцияның қоғамның маңызды сұранысына сай әзірленгенін атап өтті. «Конституциялық комиссия жұмысының нәтижесінде әзірленген жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, адам құқықтарын қорғауды күшейтуге және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған», – деді депутат.

Коалиция мүшесі Ерлан Саиров жаңа Конституция жобасының саяси маңызына тоқталып: «Президенттің саяси ұстанымдары жүзеге асырылып келеді. Еліміздегі саяси жүйені жетілдірудің салмақты әрі эволюциялық жолы нақты нәтиже беріп отыр», – деген депутат, ұлттық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін тетіктердің Конституция жобасында қарастырылғанын атап өтті.

«СемАЗ» ЖШС қазіргі уақытта отандық автокөлік өндірісін кеңейту, жаңа технологияларды енгізу және бәсекеге қабілетті өнім шығару бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Зауыт басшысы ұжымның 400-ден астам білікті маманды біріктіретіндігін атап өтіп, кездесу соңында коалиция өкілдеріне алғысын білдірді. Ол сондай-ақ 15 наурызда кәсіпорын ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдау үшін бірлесіп әрекет ететіндерін хабарлады.

Қатысушылар жаңа Конституция жобасының іске асырылуы еңбек нарығының тұрақтылығын арттыруға, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға оң әсер ететініне сенім білдірді.

Осылайша, Абай облысындағы кездесулер конституциялық реформалардың халық, әсіресе, еңбек адамының мүддесіне қызмет ететінін көрсетті және жаңа Конституция жобасына деген қоғамдық қолдаудың артып келе жатқанын дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС