"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«БӘЙШЕШЕК» БАЛ КҮЛКІГЕ ТОЛЫ

21.04.2015

Өткен аптада Семей қаласында тағы бір жекеменшік балабақша ел игілігіне берілді. «Бәйшешек» балабақшасының ашылу салтанатына қала әкімі Айбек Кәрімов бастаған жергілікті билік өкілдері қатысты.

{jcomments on}«Бәйшешек» жекеменшік балабақшасының лентасын қала басшысы Айбек Мүталапханұлы мен ардагер ұстаз Ғайни Серғазықызы қиды. Салтанатты рәсімнен соң қазақы дәстүр бойынша ақжаулықты әжелер шашу шашты. Айбек Мүталапханұлы бастаған жергілікті билік өкілдері жұмысын енді бастап отырған «Бәйшешек» балабақшасын аралап, танысты. Мәртебелі меймандар балғындардың ертеңгілігін тамашалады. Шара барысында сөз алған Айбек Кәрімов:

— Балабақшаның ашылуы ата-аналар үшін өте үлкен қуаныш екені даусыз. Мұнда балалар қоғамдық тәрбие алады. Жалпы, қалаға балабақшалар мен мектептер сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандар көбірек керек. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан қолдау зор. Биыл қаламызда тағы да осындай балабақша ашылатын болады. Жаңадан жұмысын бастап отырған балабақша ұжымына сәттілік тілеймін. Бүлдіршіндеріміз Қазақстанның үлкен азаматтары болып өсіп, ата-аналарын тек қана қуанта берсін, — деп, жылы лебізін білдірді.

 

Ал өз кезегінде балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары атынан сөз алған Индира Тоқтасынова:

 

— Біздің қуанышымызда шек жоқ. Осындай балабақшаның ашылып отырғанына өте ризамыз. Мұнда балалар үшін барлық жағдай жасалған. Осындай балабақшалар шаһарымызда көбейе берсін, — деген жүрекжарды лебізін білдірді.

Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенконың айтуынша, «Бәйшешек» қаладағы 34-ші балабақша, оның 16-сы мемлекеттік болса, қалған 17-сі жекеменшік екен.  Наталья Фесенко алдағы уақытта мұндай балабақшалар шаһарда әлі де ашылатынын айтып өтті. Әлбетте, балабақшалардың көптеп ашылуы — қала демографиясының өскенінің белгісі.

— «Бәйшешек» — аралас тілдегі балабақша. Жалпы, 125 орындық мектепке дейінгі тәрбие ордасында 5 топ бар. Оның әрқайсысында 25 баладан болса, оның бірі — орыс тобы. Әр топ үшін жуынатын бөлмелер қарастырылған. Өнер залы да бар, — дейді балабақша директоры Наталья Уйсумбаева.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

9 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

9 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

9 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

12 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС