"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі

05.03.2026
Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай гарнизонындағы 44293 әскери бөлімінде ҚР ҚК Тыл бастығы басқармасының база сержанттарына арналған командирлік даярлық жиыны өткізілуде. Аталған жиынның басты мақсаты – сержанттардың кәсіби білімін арттыру, басқарушылық қабілетін жетілдіру және заманауи талаптарға сай дайындық деңгейін көтеру.

Жиын барысында сержанттар өз білімдерін толықтырып қана қоймай, тәжірибелік машықтарын шыңдауда. Бағдарлама аясында өзара тәжірибе алмасу, өзге әскерлердің озық үлгілерін зерделеу, сондай-ақ жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу мәселелері қамтылды. Әсіресе қазіргі заман талабына сай ұрыс жүргізу ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлінуде.

Соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) зерделеу және олардың ықтимал шабуылынан қорғану тәсілдеріне бағытталған жаттығулар ұйымдастырылды. Сержанттар дрондардың мүмкіндіктерін, оларды қолдану әдістерін және қарсы әрекет ету жолдарын тәжірибе жүзінде пысықтады. Бұл бағыттағы дайындық жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бөлімнің жауынгерлік қабілетін арттыруға негіз болады.

— Командирлік даярлық жалпы әдістемелік негізде жүргізіліп, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімді жолдары қарастырылды. Сержанттар бағынышты жеке құрамды оқытып-үйретуге, әскери тәртіпті нығайтуға және жауынгерлік рухты қалыптастыруға бейімді болуы тиіс. Өйткені сержант – бөлім мен жауынгер арасындағы негізгі буын, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісі, — дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің Тыл бастығы Басқармасының сержанты, шебер-сержант Медет Түгелбаев.

Аталған жиын сержанттардың кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға да зор ықпал етуде. Нәтижесінде, әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігі артып, заманауи қауіп-қатерлерге төтеп беруге дайындық нығая түспек.

Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі Сержанттар – тәртіп пен кәсібиліктің тірегі

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС