"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Құралай Садықова, сарапшы: Конституциялық трансформация – маңызды бетбұрыс

09.03.2026
Құралай Садықова, сарапшы: Конституциялық трансформация – маңызды бетбұрыс

Фото: Құралай Садықованың жеке мұрағатынан

10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде жүріп жатқан конституциялық реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған кең ауқымды өзгерістердің бір бөлігі. Тәуелсіздік жылдарында қабылданған Конституция елдің саяси тұрақтылығы мен мемлекеттік институттардың қалыптасуына негіз болды. Алайда қоғам дамыған сайын құқықтық жүйені де жаңа талаптарға бейімдеу қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда жаңа Конституция жобасы қазіргі кезеңдегі саяси, технологиялық және әлеуметтік өзгерістерге жауап беруге арналған құжат ретінде қарастырылып отыр.

Мамандардың айтуынша, алғашқы кезеңдегі Конституция мемлекеттің негізін бекіту міндетін атқарды. Сол кезеңде негізгі назар билік институттарын қалыптастыруға, мемлекеттік басқару жүйесін орнықтыруға және жаңа мемлекет үшін тұрақтылықты қамтамасыз етуге аударылды. Бұл табиғи құбылыс еді. Өйткені тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел алдында экономикалық қиындықтар, әлеуметтік өзгерістер және институционалдық қалыптасу сияқты күрделі міндеттер тұрды.

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры, PhD Құралай Садықованың пікірінше, жаңа Конституция жобасы бұрынғы құқықтық жүйенің тәжірибесін сақтай отырып, оның мазмұнын жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

«Конституциялық реформалар аясында әзірленген жаңа Конституция жобасының маңызды ерекшелігі – оның адамға бағдарланған сипатында. Адам басқару объектісі емес, басқару субъектісі ретінде мемлекеттік-құқықтық құрылымдар мен институттардан жоғары, оларды қалыптастырушы негіз ретінде институционалдық деңгейге қойылды. Жоба мәтінінде адам құқықтары кеңейтіліп, нақтылана түсті. Атап айтқанда, цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау, «Миранда ережесінің» конституциялық деңгейде бекітілуі, адвокатураға арналған жеке баптың енгізілуі, бір құқық бұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға тыйым салудың күшейтілуі, заңдардың кері күшіне тыйым салу қағидатын нақтылау құқық қолдану тәжірибесінде азаматты қорғау тетігін күшейтеді», дейді сарапшы.

Қазіргі қоғамда құқық мәселесі тек классикалық құқықтық нормалармен ғана шектелмейді. Технологиялық өзгерістер, цифрлық экономика және ақпараттық кеңістіктің кеңеюі адамның құқықтық қауіпсіздігіне жаңа талаптар қоя бастады. Сондықтан жаңа Конституция жобасында цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған.

Сарапшылардың пайымынша, бұл өзгерістер мемлекеттің цифрландыру үдерісіне бейімделуін ғана емес, азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты жауапкершілікті де күшейтеді. Қазіргі уақытта жеке ақпараттың қауіпсіздігі, цифрлық коммуникациялар және деректерді пайдалану мәселелері бүкіл әлемде құқықтық талқылаудың негізгі тақырыптарының біріне айналған.

Құралай Садықова бұл өзгерістердің мәнін адам құқықтарының мемлекет қызметіндегі басымдыққа айналуымен байланыстырады.

«Осылайша, «адамға арналған мемлекет» парадигмасы конституциялық тұғырда жарияланып отыр. Адам құқықтарының кеңеюі тек құқықтық кепілдіктерді арттыру емес, мемлекеттік билікті заңдастыру табиғатын қайта пайымдау ретінде көрінеді», деді ол.

Жаңа Конституция жобасының тағы бір ерекшелігі – оның тарихи және мәдени өлшемдерге назар аударуы. Құжаттың кіріспе бөлімінде ұлттық мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығын білдіретін ұғымдар көрініс тапқан. Мұндай тәсіл құқықтық құжаттың тек нормативтік акт ретінде ғана емес, қоғамның тарихи жадымен байланысты символдық мағынаға да ие екенін көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл нормалар мемлекет тарихының үздіксіздігін көрсетуге бағытталған. Тарихи сабақтастық идеясы тек өткенді дәріптеу емес, қазіргі мемлекеттің құндылықтық негіздерін айқындау мақсатын да көздейді.

Құралай Садықова осы мәселеге тоқтала отырып былай дейді:

«Байырғы қазақ жерінде», «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихы» секілді айқындаулар тарихи құндылықтарға маңыз беріп, негіз құраушы қағидаттардың бірі ретінде тарихи-мәдени мұраны сақтауды бекітеді. Бұл тарихи сабақтастық – тек өткенге сілтеме жасау емес, сонымен бірге мемлекеттіліктің өзгермейтін іргетасын айқындау. Ұлттық бірегейлік – символикалық, декларативті бағдар емес, алғаш рет конституциялық деңгейдегі құндылықтық-қағидаттық негізге айналып отыр. Жоба мәтінінде Егемендік, Тәуелсіздік, унитарлық ұғымдары да мызғымас құндылықтар ретінде бекітілді. Преамбуладағы «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» қағидаттары тарихи сабақтастықты құқықтық-азаматтық мазмұнмен толықтырды. Ұлттық бірегейлік тарихи мазмұнмен қатар құқықтық мемлекетпен, әділетті қоғам идеясымен ұштасады», деді сарапшы.

Конституция жобасында білім, ғылым және инновация мәселелеріне ерекше назар аударылғаны да сарапшылар назарынан тыс қалған жоқ. Қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі көбіне интеллектуалдық әлеуетпен және ғылыми дамумен өлшенеді. Сондықтан бұл бағыттың конституциялық деңгейде бекітілуі мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының өзгеріп жатқанын көрсетеді.

«Сонымен бірге, этносаралық, конфессияаралық татулық қағидаттары ұлттық бірегейліктің ортақтастырушы сипатын көрсетіп, біртұтас Қазақстан халқы ұғымына негізделген азаматтық тұтастыққа сүйенеді», деді Басқару институтының директоры.

Жалпы алғанда сарапшылар жаңа Конституция жобасын құқықтық жүйенің эволюциялық дамуының келесі кезеңі ретінде сипаттайды. Құжат бұрынғы тұрақтылыққа негізделген басқару моделін сақтай отырып, оған жаңа мазмұн енгізуді көздейді. Бұл мазмұнның негізгі бағыттары – адам құқықтарын кеңейту, ұлттық бірегейлікті бекіту және қоғамдық сенімді нығайту.

Құралай Садықованың пікірінше, осы өзгерістерді біртұтас үдеріс ретінде қарастыруға болады.

«Жаңа Конституция жобасы елдің саяси-құқықтық дамуын тың деңгейге шығаруды мақсат етеді. Осыған дейін қолданылып келген тұрақтылыққа негізделген модельді одан әрі нығайтып, адам құқықтары, ұлттық бірегейлік, әділдік пен қоғамдық сенім сияқты іргелі ұстанымдар арқылы заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын басқару жүйесімен толықтырылады», дейді Құралай Садықова.

Ұқсас жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Абай облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды....

Толығырақ...Details

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

02.07.2026
Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

Жаз мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен сальмонеллездің таралу қаупі артады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

02.07.2026
Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылып...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

10 часов бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

14 часов бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

15 часов бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

15 часов бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

16 часов бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

21 час бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

2 дня бұрын

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

2 дня бұрын

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

2 дня бұрын

Қазақстан тарихында алғаш ретәкімшілік рақымшылық жасау жүргізіледі – Президент заңға қол қойды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС