"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЖЕЛЕР «АҚ БАУЫРСАҚ» БАЙҚАУЫНДА

24.04.2015
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда қалалық Достық үйінде «Айша бибі» ұлттық салт—дәстүр орталығы әжелерінің ұйымдастыруымен «Ақ бауырсақ» мерекесі болып өтті. Ас атасы саналар дастарқан төрінің сәні, қазақы тағамның бірегейі бауырсақ арқылы көптеген ізгі ұғымдарды өрбітуге болады. Оған аталмыш байқау барысында айқын көз жеткіздік.

{jcomments on}Қазақ халқының ешбір тойы бауырсақсыз өтпейді. Ал мерекелік дастарқанның басты мәзірін әзірлеудің өзіндік қырлары бар. Оны әсіресе көненің көзі – әжелер қауымы жақсы біледі. Аталмыш шараны ұйымдастырудағы басты мақсат та сол – кейінгі өскелең буынға ұлттық үрдісті насихаттау. Сол себепті де Қазақстан халқы Ассамблеясы  жылы аясында және келе жатқан алдағы 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, есте қаларлықтай ерекше сайыс өткізу көзделген болатын.

Бұл ретте қазылар алқасы құрамына орыс, неміс, өзбек орталықтарының мүшелері, этнографтар мен өнертанушылар шақырылды. Ал жалпы көрермен шаһарымыздағы студент жастар, ардагерлер ұйымының мүшелері болды.

Байқау барысында ақ кимешекті әжелер жиналған қауым алдында бауырсақты қалай әзірлеу керектігін ғана емес, оған қосылатын ингредиенттер мен пісірілу ретін, түрлері мен атауларын да атап, өз «туындысын» қорғап шығуы тиіс болатын. Сондай-ақ аталмыш шарада келуші көпшілікке қазаннан жаңа түскен ыстық бауырсақ үлестіріліп, наурыз көже ұсынылды.

—  Біз бүгінгі шараға 20-дан аса өнім түрін әкеліп қойдық. Бұл тағам бізге бабаларымыздан мұра болып келе жатыр. Кейінгі ұрпақ оны бағалап қана қоймай, талапқа сай даярлауды да меңгере берсін деген тілектеміз. Байқауды Наурыз мерекесінің жалғасы, 1 Мамыр мерекесін тойлаудың бастамасы ретінде өткізіп отырмыз, — дейді «Айша бибі» ансамблінің музыкалық жетекшісі Хафиза Омарова.

 

Байқау барысында бауырсақ түрлерінен арнайы көрме әзірленген болатын. Мұнда келушілер қазақы дәмнің сан алуан түрлерімен танысып, дәмін тату мүмкіндігіне ие болды. Атап айтсақ, ши бауырсақ, саусақ бауырсақ, үлкен бауырсақ, қытырлақ сынды көлемі мен әзірленуіне қарай бірнеше атауға ие өнімдермен әжелер өздері таныстырды. Сонымен қатар нан тағамын тіл үйірерліктей етудің өзіндік құпияларымен де бөлісті. Мысалы, қамырға май емес, майонез қосып, я болмаса ұнды тек жұмыртқаға ғана илеп, немесе сірке суын тамызу арқылы ерекше бауырсақ пісіретін заманауи әжелер де бар болып шықты.

 

Байқау барысында қатысушы көрермендер де әжелерге сұрақтар қойып, қазақтың дастарқан мәдениеті жайлы тұшымды жауап ала алды.

Осылайша, тартымды өрбіген шараның соңында әділ қазылар алқасының шешімімен ең үздік бауырсақ анықталып, иесі марапатталды. Атап айтсақ, ансамбль мүшесі Мәклима Қараханованың үйінен даярлап әкелген бауырсағы дәмі мен пісірілу технологиясы жағынан айрықша деп танылып, бас жүлдені еншіледі. Сонымен қатар байқауда белсенділік танытқан өзге әжелерге де жүлделі орындар берілді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС