"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕНБІЛІК – ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

24.04.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі А. Кәрімов кезекті аппараттық кеңесті үстіміздегі екі айлық сенбіліктің жүзеге асу барысы мен берілген тапсырмалардың орындалуына назар аударудан бастады. Қаланың тазалығы коммуналдық мекемелердің ғана құзырында емес, қала тұрғындарының да еншісіндегі жауапкершілік екеніне тоқталды.

{jcomments on}Көктемгі маусымда бірнеше мәрте сенбілік ұйымдастыру — қоршаған ортаны таза сақтауға, қаланың ажарын арттыруға бірден-бір үлкен әсер ететін шара. Бірақ осы жалпыхалықтық мәселеге кім қалай атсалысып отыр? Қала басшысы осы бағытта біраз мысалдар келтіріп, кейбір мекемелердің төңірегі әлі тазартылмай жатқанын қадап айтты. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің қала тазалығынан бұрын, өз жұмыс орындарының айналасын ретке келтіруге құлықсыз екендігіне нақты мысалдар келтірді. Бұлтартпас дәлелдерді көлденең тарта отырып, қалалық кәсіпкерлік, жер қатынастары бөлімдерінің басшыларына заңды тұлғаларды қала тазалығы алдында белсенді болуға шақыру керектігін міндеттеді.

Расында, қала аумағында қаншама базарлар, дүкендер, дәмханалар, дәріханалар, банк бөлімшелері, ПИК (КСК), шаштараздар, ТҚС (СТО), сырахана сияқты сауда орындары мен қызмет көрсету мекемелері жетіп артылады. Мәселе — соңғы екі сенбілікте осы мыңдаған кәсіпкерлік нысандардың қаншасы өз айналасында тазалық жұмысын ұйымдастырды екен?! Ұйымдастырғанынан ұйымдастырмағаны әлдеқайда басым болғандығы қалалықтардың көз алдында. Неге олар құлықсыз деген заңды сұрақ туындайды. Көбінесе құлықсыздық адамдардың ортақ мәселеде өзін жауапты сезінбеуінен туындап жататындығы- өмір шындығы. Одан шығатын қортынды: кәсіпкерлікпен шұғылданған көптеген заңды тұлғаларымыз жеке табысқа басымдық беріп, ортақ шаруаны елемей жатады. Ол жақсы көрініс емес. Кез келген кәсіпкер табыс тауып отырған жерінің төңірегін таза ұстап, абаттандыру арқылы қаланың тазалығына үлес қосумен бірге, өзінің тұтынушыларына құрмет көрсететінін ескере бермейді. Ескерген жағдайда, қызмет көрсету орындарының маңайы әрдайым мұнтаздай таза болып тұратын еді. Сондықтан кез келген ғимарат айналасында сенбілік кезінде ғана емес, жылдың төрт мезгілінде де қалыпты тазалықтың сақталуы сол нысанға жауапты адамдардың ішкі жауапкершілігіне байланысты.

 

Ал соңғы екі сенбілікте жүзеге асқан жұмыстардың бірқатарына тоқтала кетсек, аз шаруа атқарылған жоқ. Бірінші күннен бастап бюджеттік мекемелер, оқу орындары, ірі кәсіпорындар белсене атсалысып, қала көшелері қар астынан шыққан қоқыстардан барынша арылды. Бұл тұрғыда ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерған Қанафьев соңғы сенбілікке жиыны 54 техника жұмылдырылғанын мәлімдеді. Оның 39-ы автосамосвал көлігі болса, 15-і- жүктиегіш. Бағынышты мекемелер өздеріне бекітілген аумақтар мен көшелерді ретке келтіріп, коммуналдық қызмет күшімен бірінші сенбілікте 814 текше метр қоқыс тасылса, екінші сенбілікте 630 текше метр қоқыс шығарылыпты.

 

Аппараттық кеңесті қортындылаған қала басшысы сенбілікті одан әрі жалғастыру мәселелері мен көше жолдарына жөндеу жұмыстарын кешіктірмей бастау керектігін тапсырды. Бірінші кезекте Қабанбай көшесі мен ескі көпірдің жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізіп алу керектігін міндеттеді. Сонымен бірге қаланы абаттандыру жұмысын жеделдету, инфрақұрылымдарды жаңарту мен терможаңғырту мәселелеріндегі кезекті шаруаларды тоқтатпауды қадап айтты.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС